Мұсылман

Мұсылмандар (араб.: مسلم‎ [мусли́м] – «мойынсұнушы», «көнуші») — Ислам дінінқабылдаған, Аллаға мойынсұнған адам.Мұсылман болу — бар ынта-ықыласымен Аллаға берілу, Хазіреті Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) айтқандарына толық илану, шариғатүкімдеріне мойынсыну және исламды дін ретінде толық қабылдау деген мағына береді. Шынайы мұсылман иман шарттарына шеккелтірмей ислам қағидаларын орындауы қажет («Бақара», 112, 131, 133-аяттар; «Әли Ғымран», 20, 83-аяттар; «Ниса», 125-аят; «Мәида», 44-аят; (Әнғам», 14-аят, т.б.) Мұсылман адамды кейде «му'мин» (мүмін, момын) деп театайды.

Әлемдегі мұсылман үмбетінің пайызы
Мұсылман

«Муслим» - исламды мойындаушы деген мағына берсе, «мүмин» - иманкелтіруші деген ұғымды білдіреді. Құран Кәрімде айтылғандай («Юныс», 84-аят; «Нәміл», 81 -аят, т.б.) иман мен ислам ұғымдары бірін-бірі толықтырады, яғни мұсылман мен мүмин сөздері өзара мағыналас. Әйтсе деиман — иман негіздеріне жүрекпен иланып,іштей сену болса, ислам — сол сенімді жария ету және Жаратқанның әмірлеріне толық мойынсұнып, амал ету болып табылады. Құран Кәрімде муслим сөзі бірнешерет кездеседі. Сонымен қатар мүмин жайлы айтылатын аяттар және «му'минун» аттыарнайы сүре бар. «Мүминдер» деген мағынаберетін «му'минун» сүресінде мүминдердіңнамаздарын терең тебіреніспен беріле оқып,тыйым салынған нәрселерден бойларын аулақұстайтыны, зекет беріп, аманатқа адалдық танытатыны және сөздеріне берік екендіктеріайтылады. («Му'минун», 1 - 9-аяттар)«Инсан» сүресінде мүминдердің Алларизалығын басты нысана етіп алатыны сөзболады («Инсан», 8 - 9-аяттар). Сондай-ақ,«Рағыд» сүресінде мүмин «Алла Тағаланың әмірлеріне толық мойынсұнып, есеп беретін ұлы күнді ойлаушы, сөзіне берік, ант пен аманатқа адалдық танытушы және Алла ризалығы үшін сабыр сақтап, намазын уақытында оқушы» ретінде сипатталады. Хазіреті Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) хадистерінде Мұсылман — Алла және оның Елшісін жанынан артық жақсы көріп, иман еткеннен кейін күпірлік жасаудан тыйылып, ғибадатын Алла ризалығы үшін ықыласпенорындайтын адам. Ол тілімен де, қолымен де өзге мұсылмандарға зиян келтірмейді, қиянатжасамайды, өйткені, мұсылман —мұсылманның бауыры.Көркем мінезді, иманжүзді мұсылманның негізгі сипаты — жомарттықпен жетім-жесірлерге жәрдем береді, Алланың берген нәсібін Жаратқанның жолында жұмсайды.[1]

Дереккөздер