Метаморфизм

Метаморфизмгеологиялың денелердің температура, қысым, газ бен сұйық ерітінділер ықпалынан өзгеріске ұшырау үдерістері. бұл өзгерістер пайдалы қазба денелерінің жатые жағдайлары мен морфологиясына, таужыныстар мен пайдалы қазбалардың құрылымы мен бітіміне, минералдық және химиялық құрамына әсер етеді. Темір гидроксидтері метаморфизм кезінде магнетитке, пиролюзит пен манганит - браунитке, боксит - корундца, опал - кварнца, фосфорит - апатитке түрленеді; органикалың зат гранит тенеді; сазды тақтатастар анартас-слюдаларға өзгереді. Метаморфизм үдерістеріндеқалыптасқан минералдар (магнетит, гематит, браунит, корунд, кварц, графит, анартас) жаңа физикалық-химиялың жағдайларда түрақты болады. Сонымен бірге экзогендік жағдайларда орнықты көптеген минералдар (күкірт, гипс, алунит, малахит, темір гидроксидтері) белгілі, бірақ олар метаморфизмде сақталмайды.Пайдалы қазба денелерінің пішіні жалпақтанады.Тұтас және секпілді кеннің қабат тәрізді, линза тәрізді,таспа тәрізді және желі тәрізділері басым таралады.Денелердің өлшемдері көбінесе ірі болады - ұзындығымен ені бойынша ондаған километрге, қалыңдығы ондаған және жүздеген метрге жетеді.Метаморфогендік кенорындар метаморфталған жәнеметаморфтық түрлерге бөлінеді. Метаморфталған кенорындар деп аймақтық және термалық жапсарлас метаморфизм үдерістерінде бұрын болған пайдалы қазба кенорындар бойынша қалыптасқандарды айтады. бұл үдерісте пайдалы қазба денелері де, сыйыстырушы таужыныстар да, пішіні, құрамы мен құрылысы бойыншаметаморфтық белгілерді иемденеді, бірақ минералдықшикізаттың өнеркәсіптік қолдануы өзгермейді.

Кенорындар

Метаморфтық кенорындар таужыныстардың жәнекөбінесе бүрын өнеркәсіптік маңызы болмаған кенорындардың метаморфизмге үшырау үдерісінде пайда болады. Сонымен, бұл жағдайда пайдалы қазбалардың өзіметаморфизм үдерістерінің нәтижесі болып табылады.Екі класс кенорындары да метаморфизмнің негізгітүрлеріне сай аймақтық-метаморфтық (немесе метаморфталған) және жапсарлық-метаморфталған (немесе метаморфтық) класшаларға бөлінеді.Метаморфизм аймақтық, динамометаморфизм және жанаспа метаморфизм болып ажыратылады. Метаморфизмге балқу және жел әсерінен мүжілу кезінде пайда болған тау жыныстарының өзгеру процестері жатпайды.[1][2]

Пайдаланылған cілтемелер