Мнонг

МнонгВьетнамның оңтүстігінде және Камбоджаның шығысында тұратын халық. Кхмер таулы тобына кіреді. Вьетнамдағы халық саны 92 451 адам (1999 ж.), Камбоджада 22 мың адам тұрады.[1]

M’Nông
Мнонг
Ең көп таралған аймақтар
 Вьетнам

92 451

 Камбоджа

22 000

Тілдері

мнонг тілі, ма тілі

Діні

дәстүрлі сенімдер

Тілі

Олар банари кіші тобына жататын мнонг тілінде сөйлейді, сонымен қатар ма тілі де кең таралған.[2]

Діні

Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.[3]

Кәсібі

Дәстүрлі кәсіптер қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, тары, жүгері, тәтті картоп, көкөністер), аңшылық және балық аулау. Қолөнерден – ұсталық, тоқымашылық, ағаш өңдеу, қайықтар жасаумен айналысады. Олардың қолға үйретілген пілдері бар.[4]

Өмір салты

Ауылдық қауымдарды ақсақалдар басқарады. Неке патрилокальды немесе матрилокалды. Қыздардың туыствығв ана жағынан, ұлдар әке жағынан есептеледі.

Үйлері қадаларда орналасқан, кейбіреулері жер үйлерде тұралы. Ұзын қадасыз үйлерде (100 м-ге дейін) туысқан шағын отбасылар тұрады.

Дәстүрлі ерлер киімі – жамбасты жауып тұратын таңғыш мата, әйелдердікі – белдемше. Тістерді кесу жиі кездеседі.[4]

Дереккөздер