Мүшел

Мүшел — 12 жылдық айналым (цикл). Жыл басы қазақша көктемде күн мен түн теңелуінен саналады (наурыздың 22). Айналым Тышқан жылынан басталады. Мүшел жыл санау күнтізбесі көне түркі мәдениетінен алынып, қытай, тибет халықтарына тараған.

Мүшел сөзінің шығуы туралы

"Мүшел" сөзінің қайдан және қашан шыққаны белгісіз. Бұл мәселені ешкім қарастырмаған. Еуропалық ғалымдар оны "цикл" - айнлым деп аударып, өгіз, барыс, қоян ... деп баяндай берген. Моңғол тілінде "мүшен" деген сөз бар, оның мағынасы - жұлдыз. Бірақ монғолша, жалғыз Үркерден басқа, мүшелге сәйкес аталатын жұлдыз жоқ. Түркі тілдерінде де мүшел бойынша аталатын жұлдыздар жоқ. Сондықтан мүшелді зодиакпен байланыстыру дұрыс емес.Ежелгі түркі сөздеріне талдау жасай келе "мүш йыл" және "мүш ел" сөздеріне тоқтауға болады: "Мүш" - "он" сөзінің бір варианты (алтмүш - алпыс, алты он, жетмүш - жетпіс, жеті он). Сонда "мүш йыл" он йыл болмақ. Мағынасы тұрақсыз, шатаса беретін ұлу мен мешінді есепке кейін қосылды деп жорысақ, Орхон түркілерінің алғашқы мүшелінде 10 жыл болды деген қорытынды шығады. Бұл жору қисынға келеді. Орхон жазуларында он саны көп айтылады (он оқ елі, он ұйғыр елі, он оймауыт елі т.с.с.). Он - он саусақпен санау заманында шыққан сан. Мешін мен ұлу кейін қосылған [1].

Жер тарауы

Бұл қыт. 地支 dìzhī — Жер тарауы делінеді.

Таңбасы/
Пінин
Хайуан
таңбасы
Мүшел
жылдары
Қырғыз
тілінде
Өзбек
тілінде
Орыс
тілінде
1 (zǐ)Тышқан жылыЧычкан жылыkalamushГод мыши
2 (chǒu)Сиыр жылыУй жылыsigirГод коровы
3 (yín)Барыс жылы[2]Барс жылыyoʻlbarsГод тигра
4 (mǎo)Қоян жылыКоен жылыquyonГод зайца
5 (chén)Ұлу жылы[3]Улуу жылыajdahoГод дракона
6 (sì)Жылан жылыЖылан жылыilonГод змеи
7 (wǔ)Жылқы жылыЖылкы жылыotГод лошади
8 (wèi)Қой жылы[4]Кой жылыqoʻyГод овцы
9 (shēn)Мешін жылы[5]Мечин жылыmaymunГод обезьяны
10 (yǒu)Тауық жылыТоок жылыtovuqГод петуха
11 (xū)Ит жылыИт жылыitГод собаки
12 (hài)Доңыз жылыДоңуз жылыchoʻchqaГод свиньи

Жыл сәйкесі кестесі

Мүшел
жылдары
Күнтізбе жылдары
Тышқан жылы19601972198419962008
Сиыр жылы19611973198519972009
Барыс жылы19621974198619982010
Қоян жылы19631975198719992011
Ұлу жылы19641976198820002012
Жылан жылы19651977198920012013
Жылқы жылы19661978199020022014
Қой жылы19671979199120032015
Мешін жылы19681980199220042016
Тауық жылы19691981199320052017
Ит жылы19701982199420062018
Доңыз жылы19711983199520072019

Тағы қараңыз

Түсіріндірмелер