Мұнайлы ауданы

Мұнайлы ауданыМаңғыстау облысының батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Маңғыстау ауылы, облыс орталығынан қашықтығы 20 км. Аудан көлемі 4 922 км2.

Қазақстан ауданы
Мұнайлы ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Маңғыстау облысы

Аудан орталығы

Маңғыстау

Ауылдық округтер саны

7

Ауыл саны

8

Әкімі

Ержан Күмісқалиев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Маңғыстау ауылы, 16-квартал, №11

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

4 маусым 2007 жыл

Жер аумағы

4922 км² (5-ші орын)

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

163 691[1] адам (2023)(1-ші орын)

Тығыздығы

33 адам/км² (1-ші орын)

Ұлттық құрамы

қазақтар (96,91%) қарақалпақтар (1,16%), орыстар (0,61%), өзбектер (0,51%), басқалары (0,81%) 2022 ж.[2]

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

12

Мұнайлы ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Мұнайлы ауданы

Тарихы

Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президумының 1980 жылғы 17 қазандағы № 593-Х санды Жарлығымен Мұнайлы ауданы алғаш рет орталығы Маңғышлақ поселкесі болып құрылды. 1988 жылы саяси қоғамдық ахуалдарға байланысты Мұнайлы ауданы қысқартылып, елді мекендері Шевченко және Форт-Шевченко қалаларына қосылды.

Аудан Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы «Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрамына өзгертулер енгізу туралы» №338 санды жарлығына сәйкес екінші рет құрылды[3]. Құрамына Ақтау қаласына қарасты Маңғыстау, Баянды, Қызылтөбе ауылдық округтері енгізілді. Сол жылы жаңадан Дәулет, Атамекен, Басқұдық ауылдық округтері, 2011 жылы Батыр ауылдық округі құрылды.

Географиясы және климаты

Аудан Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнайлы ауданы солтүстігінде Түпқараған, Маңғыстау аудандарымен, батысында Ақтау қаласымен, оңтүстігінде Қарақия ауданымен шектеседі.

Мұнайлы ауданының орналасқан жері теңіз жағасынан 20-23 шақырым қашықтықта орналасқан, жері тастақ, төңірегі тегістік, жазық дала. Ауданның климаттық жағдайы цельси температурасымен есептеген кезде қуаң, континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы – 4-9ºС. Солтүстігінде - 10ºС, кейде - 15ºС дейінгі аязды күндер болады. Шілденің орташа температурасы +24-38ºС аралығында.

Аудан көлемі негізінен шөл-шөлейт аймақ зонасына жататындықтан ылғалы аз, жері ащы, сорлы жерлерге тән өсімдіктер өседі. Аудан аумағындағы жануарлар дүниесінде негізінен кемірушілер, бауырымен жорғалаушылардың үлесі басым[4].

Халқы

Мұнайлы ауданы шоғырланған халықтың көпшілігін, яғни 80 пайызы алыс-жақын шет елдерден көшіп келген қандастар құрайды.

ЭтносСаны, адамПайыздық үлесі, %
Қазақтар156 74797,19
Қарақалпақтар1 3690,84
Орыстар1 0760,66
басқа этностар2 0781,31
Санақ жылыСаны, адам
2015[5]128 750
2019161 270

Әкімшілік бөлінісі

Ауданның 7 ауылдық округінде 8 ауыл бар:

Әкімшілік бірлікОрталығыЕлді мекендеріХалқы (2021)
Атамекен ауылдық округіАтамекен ауылы129294
Басқұдық ауылдық округіБасқұдық ауылы131534
Батыр ауылдық округіБатыр ауылы116621
Баянды ауылдық округіБаянды ауылы17823
Дәулет ауылдық округіДәулет ауылы110135
Қызылтөбе ауылдық округіҚызылтөбе ауылы225290
Маңғыстау ауылдық округіМаңғыстау ауылы133141

Әкімдері

  • Оспан Қазақбаев (2007-2010)
  • Елубай Әбілов (2010-2015)
  • Нұрлан Тәжібаев (2015-2018)
  • Рахат Елтизаров (2018-2022)
  • Ержан Күмісқалиев (2022 ж. бастап)

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм