Нильс Лидхольм

Нильс Лидхольм (швед. Nils Liedholm; 8 қазан 1922 жыл, Вальдемарсвик — 5 қараша 2007 жыл, Куккаро-Монферрато) — швед футболшысы, жартылай қорғаушы. Швеция футболы тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі, 1948 жылғы Жазғы Олимпиада чемпионы, Швеция Ұлттық құрамасы мен Италияның "Милан" клубында Гре-Но-Ли лақап атымен әйгілі болған швед триосының өкілі. Кейін бапкерлікпен айналысты.

Нильс Лидхольм Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

Lidas, Барон

Туған күні

8 қазан 1922 (1922-10-08)

Туған жері

Вальдемарсвик, Швеция

Қайтыс болған күні

5 қараша 2007 (2007-11-05) (85 жас)

Азаматтығы

Швеция Швеция, Италия Италия

Позиция

жартылай қорғаушы

Жастар клубы
1932—1936Швеция Ярнвагсгатанс/Вальдемарсвик
Клуб карьерасы[* 1]
1936—1942Швеция Вальдемарсвик? (?)
1943—1946Швеция Слейпнер60 (24)
1946—1949Швеция Норрчёпинг48 (22)
1949—1961Италия Милан359 (81)
Ұлттық құрамы[* 2]
1946—1958Швеция Швеция23 (12)
Бапкерлік карьерасы
1961—1963Италия Миланассистент
1963—1966Италия Милан
1966—1968Италия Верона
1968—1969Италия Монца
1969—1971Италия Варезе
1971—1973Италия Фиорентина
1973—1977Италия Рома
1977—1979Италия Милан
1979—1984Италия Рома
1984—1987Италия Милан
1987—1989Италия Рома
1992Италия Верона
1997Италия Рома

Кәсіпқой карьерасын туған жеріндегі "Вальдемарсик" клубында бастады. Сосын "Слейпнер", "Норчепинг" клубтарында ойнады. 1949 жылы Гуннар Нордаль, Гуннар Грен үшеуі жұбын жазбай "Миланға" ауысты да, жұлдызды шақтарын бастан өткізді. Алғашқы маусымда-ақ үшеуі 118 голдың авторы атаныпты.

Лидхольм сол күйі Италияға біржола тұрақтап қалды. "Милан" сапында 1961 жылға дейін ойнап, көптеген жүлделерді ұтып алды.

1961 жылы миландық клубтың бапкерінің көмекшісі болды да, сол күйі көптеген жылдар бойы Италияның бірнеше клубтарын жаттықтырды.

Өзі дүниеге келген Вальдемарсвиктің құрметті азаматы[1].

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

«Ноорчёпинг»
  • Швеция чемпионы: 1947, 1948
«Милан»
  • Италия чемпионы: 1951, 1955, 1957, 1959
  • Латын кубогы: 1951, 1956
  • Чемпиондар кубогының финалисі: 1958
Швеция құрамасы
  • Олимпиада чемпионы: 1948
  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1958

Бапкер ретінде

  • Италия чемпионы: 1979, 1983
  • Италия кубогы: 1980, 1981, 1984
  • Чемпиондар кубогының финалисі: 1984

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Сілтемелер