Павлодар ауданы

Павлодар ауданыПавлодар облысының орталығындағы аудан. 1928 жылы бұрынғы Павлодар уезінің болыстарынан құрылды. 1930 жылға дейін аудан Павлодар округінің құрамында болған.

Қазақстан ауданы
Павлодар ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Павлодар облысы

Аудан орталығы

Павлодар

Ауылдық округтер саны

13

Ауыл саны

38

Әкімі

Николай Васильевич Дычко

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, №32

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°18′ с. е. 76°57′ ш. б. / 52.300° с. е. 76.950° ш. б. / 52.300; 76.950 (G) (O) (Я) 76°57′ ш. б. / 52.300° с. е. 76.950° ш. б. / 52.300; 76.950 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928 жыл

Жер аумағы

6,1 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

26 691[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (49,39 %)
орыстар (33,22 %)
украиндар (6,26 %)
немістер (6,02 %)
татарлар (1,37 %)
беларустар (0,69 %)
молдовандар (0,66 %)
басқалары (2,39%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

140900-140920

Автомобиль коды

14

Павлодар ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Павлодар ауданы

Физикалық-географиялық сипаттамасы

Географиялық жағдайы

Ауданы 6,1 мың ш. км. Аудан облыстың бес ауданымен шектеседі: солтүстік-батысында — Ақтоғай, солтүстігінде — Тереңкөл, шығысында — Успен және Шарбақты, оңтүстігінде — Аққулы, батысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен шектеседі.

Климаты

Климаты қатал континентальды, бірақ Ертіс өзенінің жанында болғаннан кейін жұмсақтау, қаңтардың орташа температурасы −18º-19ºС, шілденікі - +21º+23ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 272 мм. Оңтүстік-батыс және солтүстік желдер, шығыстан келетін аңызақ желдер соғып тұрады.

Жер бедері және гидрография

Аудан аумағының жер бедері жазық, теңіз дәрежесінен 130 метр орташа биіктікте және шағын көл ойпаттары мен Ертіс өзенінің алқаптары түріндегі кейбір төмендеулері бар. Топырақ беті қою қызғылт, кейбір жерлер – сортаң топырақты. Топырақ құрылымы сапасыз және шіріген заттары аз. Гидрографиялық қатынаста аудан тиімді жақта, себебі көптеген тарамдары бар Ертіс өзені ағып өтеді. Коряковка, Маралды, Мойылды және басқа көлдер бар. Гипс, алебастр, әк, құрылыс балшығы түріндегі пайдалы қазбалар кездеседі. Аудан аумағында Павлодар қаласынан солтүстік-шығыс жақта 15 км жерде Мойылды емдік балшықтары бар. Емдік балшық Мойылды ағыссыз көлінде жатыр.

Флора және фауна

Өсімдік дүниесі негізінен біртектес, бетеге мен жусан көптеп кездеседі. Ертіс ойпатында дәнді өсімдіктер өседі. Орман өсімдіктерінен акация, мойыл, терек, қайың ұшырасады. Қасқыр, түлкі, қарсақ, сарышұнақ,аламан, бозторғай, үйрек, балшықшы құсы мекен етеді.

Халқы

19391959197019791989[3]19992009[4]2021
 2119431456422014504740363323022712326826

Этникалық құрамы

Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына)

  • қазақтар — 14 344 адам (49,09 %)
  • орыстар — 9 677 адам (33,11 %)
  • украиндер — 2 061 адам (7,05 %)
  • немістер — 1 659 адам (5,68 %)
  • татарлар — 385 адам (1,31 %)
  • белорустар — 217 адам (0,74 %)
  • басқалары — 879 адам (3,01 %)
  • Барлығы— 29 222 адам (100,00 %)

Санның серпінділігі

1999 жылы халық саны — 32,3 мың адамды, 2012 жылы — 29,2 мың адамды құрады.

Әкімшілік бөлінісі

38 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[5]
Ауылдық округтері200920212021 2009-ға пайызбенЕрлер 2009Ерлер 20212021 2009-ға пайызбенӘйелдер 2009Әйелдер 20212021 2009-ға пайызбен
Григорьев ауылдық округі22012208100,310641110104,31137109896,6
Ефремов ауылдық округі11301200106,2537608113,259359299,8
Заңғар ауылдық округі705756107,2357398111,5348358102,9
Заря ауылдық округі23012409104,711281249110,71173116098,9
Кемеңгер ауылдық округі27782925105,314021491106,313761434104,2
Кеңес ауылдық округі23082375102,911341222107,81174115398,2
Луганск ауылдық округі2233218797,910831109102,41150107893,7
Мичурин ауылдық округі27603073111,313871563112,713731510110
Ольгин ауылдық округі95188593,146343193,148845493
Рождествен ауылдық округі2448223191,11222114793,91226108488,4
Чернорец ауылдық округі3125270286,51531131886,11594138486,8
Чернояр ауылдық округі24332468101,412061223101,412271245101,5
Шақат ауылдық округі1750140780,487471982,387668878,5
ЖАЛПЫ САНЫ271232682698,91338813588101,5137351323896,4

Тарихы

Ефремовка ауылында машина-трактор станциясында 1 трактор 9 ұжымдық шаруашылыққа қызмет көрсетіп, 1213 шаруашылықты біріктірген. МТС дәнді дақылдар бағыты бойынша жұмыс істеген. 1931 жылы 17069 га жаздық дақылдар егілді. МТС-тан басқа, Ленин машина-шөп станциясы жұмыс істеді, 1931 жылы 193700 га жинады.

Ауданда бірнеше кәсіпорын жұмыс істеді: Коряковка өзенінде “Казсольтрест” тұз кәсібі, пар диірмені, ет комбинаты, кірпіш және сыра зауыттары. Коряковка тұз кәсіпорнында 1931 жылы 1061 мың рубльге тұз алынды, сыра зауыты 516 мың рубльге өнім берді, кірпіш зауыты – 103 мың рубльге өнім шығарды.

Наркомирос желісі бойынша 1931-1932 оқу жылдары бірінші сатыдағы 119 мектеп - онда 7218 оқушы оқыды және 16 жоғары типті мектеп болды. Саяси ағарту жұмысын 15 клуб, 16 оқырман, 3 жылжымалы кино құрылғысы, 12 қызыл бұрыш және 4 кітапхана жүргізді.

Емдеу желісі жақсы дамыды. 1931 жылы 90 орынды 4 аурухана болды. Оның үшеуі Павлодар қаласында орналасты. Ауданда 15 дәрігерлік және 15 фельдшерлік пункті жұмыс істеді. Павлодарда әйелдер–балалар консультациясы, санитарлық-бактериологиялық зертхана, пастеров станциясы, балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру пунктісі.

1932 жылғы ақпанда Павлодар ауданы Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кірді. Сол жылы партия ұйымын Қазақстанның мемлекеттік қайраткері А.Розыбакиев басқарды. 1935 жылғы 31 қаңтардағы РКФСР ВЦИК қаулысына сәйкес Шығыс-Қазақстан облыстық депутаттар кеңесінің 1935 жылғы 1 ақпандағы атқарушы комитеті Павлодар ауданының құрамына 23 ауылдық кеңестерін бекітті. ҚазОАК Президиумының 1938 жылғы 4 ақпандағы қаулысымен Павлодар ауданы қайта құрылған Павлодар облысының құрамына берілді.

Павлодар облысының жаңа құрылуына байланысты Павлодар аудандық КП(б)К комитеті КП(б)К қалалық комитетіне қайта құрылды. Сонымен, Павлодар қалалық кеңесі аудан құрамынан шығып, Павлодар ауданы ауылдық аудан болды. 1939 жылғы 16 мамырдағы бірінші аудандық партия конференциясында аудандық партия комитетінің хатшысы болып М.Михайлов сайланды, ал аудандық атқарушы комитетінің төрағасы болып Ш.Досов сайланды.

1940 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша Павлодар ауданының құрамына 11 ауылдық кірді: Ақтөбе, Гаврилов, Григорьев, Жана-ауыл, Жертұмсық, Петров, Роте-Фан, Романов, Чернорецк, Шақат және Ямышев.

1930-1935 жылдары егіншілік сала ретінде нашар дамыды, 13 шаруашылықта техника саны аз болды, дәнді дақылдар шығымдылығы екі центнерге де жетпеді. Жемшөп, жүгері өндірісімен айналыспады. Табиғи шабындыққа негізгі сенім артылды, себебі мал шаруашылығы үшін шемшөп дайындалды. Сонда да мал шаруашылығы өнімін өндіру төмен деңгейде болды, себебі мал жемі болмады. Ұрықтандыру және тұқымдық жұмысы сол уақытта жүргізілмеді.

Алғашқы соғыстан кейінгі жылдары ауылдықтар өндіріс жоспарын орындау және өнім тапсыру үшін көп күш-жігер жұмсады. 1946-47 жылдары диқаншылар еңбегінің арқасында аудан егін шығымдылығы бойынша жоғары көрсеткішке жетті. Сол жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы кеңесі Төралқасының 1947 жылғы 9 сәуірдегі Жарлығымен көптеген еңбеккерлер үкімет наградаларын алды.

1947 жылғы егін көп шаруашылықтарға мал өнімділігін көтеруге ықпал етті. Кейінгі жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің соғыстың алдындағы деңгейі қалпына келтірілді және оданда жоғары деңгейге де жететін болды.

Аудан еңбекшілері мал басын көбейту және дәнді, жемшөп дақылдарының шығымдылығын арттыру бойынша жоғары көрсеткіштерге жетті.

Ұжымдық және кеңестік шаруашылықтардың жұмысы жылдан жылға жақсаруына байланысты, аудандық партия комитеті мен аудандық атқарушы комитеті ауылдықтардың мәдени сауығына, ең алдымен біліміне ерекше назар аудара бастады.

Ірі кенттерде он жылдық мектептер, ал басқа жерлерде – жеті жылдық және бастауыш мектептер жұмыс істеді.

Ауылдарда оқу залдары мен жылжымалы кино құрылғысы жұмыс істеді. Әр ауылда кітапханалар жұмыс істеді, ал шағын ауылдарда қызыл бұрыштар ұйымдастырылды.

Аудан тарихындағы бет-бұрысты сәт – тың және тыңайған жерлерді игеру. 1954-1955 жылдары Павлодар ауданында тың және тыңайған жерлерді жырту кезінде дәнді дақылдардың алқаптары 3-4 есеге көбейді. Тың кезінде аудан аумағында жаңа кеңшарлар ұйымдастырылды: Ямышев, Преснов, Жаңа-Ауыл, Восточный, Кубанский. 1955 жылғы 20 қарашада ХІІІ аудандық партия конференциясында аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Кузин сайланды. Астық танабының кеңеюіне және егін шығымдылығының көтерілуіне байланысты 1956 жылы аудан бойынша өте жақсы астық егіні жиналып, сонымен қатар мал өнімділігі жоғарылады.

50-ші және одан кейінгі жылдары аудан облыс ішіндегі негізгі астық және мал шаруашылығы аудандары болып табылды. Сол жылдары аудандық комитет Ертіс өзені жағалауында орналасқан шаруашылықтарда көкөніс пен картоп егісін кеңейту, сондай-ақ көкөністің ерте егілетін сорттарын өсіру үшін жылыжайлар мен көшетхана шаруашылықтарын құру жөнінде шешім қабылдады. Жаңа кеңшарларда көптеген мәдени-ағарту мекемелері салынды: мектептер, мәдениет үйлері, дәрігерлік амбулаториялар. Ұжымдық шаруашылық маңындағы базаларда “Пресновский” және “Ямышевский” кеңшарлары ірілендірілді. “Жаңа-ауыл” мен “Павлодарский” кеңшарлары бірігіп “Павлодарский” кеңшары болды. 1962 жылдың басында ұжымдық шаруашылықтар мен кейбір кеңшарлар бөлімшелерінің базасында тағы да үш жаңа кеңшар құрылды: “Заря”, “Маяк” және “Маралды”.

Ефремовка ауылында Павлодар МТС базасында жаңа мамандандырылған шошқа өсіретін “Ефремовский” кеңшары құрылды. Пресное ауылында “Авангард” құс кеңшары, ал Мичуринде – “Плодопитомник” қоян өсіру кеңшары ұйымдастырылды. Сонымен, ауданда 14 кеңшар мен 2 ұжымшар – Киров және Тельман атындағы ұжымшар болды.

50-ші жылдардың ортасында және 60-шы жылдардың басында құрғақшылық пен жаппай жер жыртуға байланысты дәнді дақылдар егістерінің көптеген бөлігі жел эрозиясына ұшырады. Осындай қиыншылық жағдайда Красноармейка ауылында “Кубанский” кеңшарының негізінде топырақты эрозиядан қорғау жөніндегі Тәжірибелік станциясы ұйымдастырылды. Ғылыми станциялар жел эрозиясымен күресу үшін алқаптық топырақ қорғау жүйесі мен жерді өңдеуді қолдануды ұсынды. Бұл шаралардың арқасында бірнеше жылдардан кейін егіншілік саласы жақсарып, астық шығымдылығы артты.

80-ші жылдарда ауданда бірқатар ірі сүт-мал шаруашылығы кешені және мамандандырылған сүт бөлімшелері жұмыс істеді. Ауданның озат шаруашылықтары – Киров атындағы және Тельман атындағы ұжымшарларда, сондай-ақ басқа да шаруашылықтарда бір сиырдан шыққан сауын үш мың килограмнан асты.

Экономика

Ауыл шаруашылығы

Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: ет-сүтті мал шаруашылығы, құс шаруашылығы. Бидай, тары, қарақұмық, күнбағыс, қант қызылшасы өсіріледі. Ауданда 8 ауыл шаруашылық кәсіпкерлер, 853 шаруа қожалықтары, 8386 жеке қоныстар бар. Етті қайта өндеу бойынша 4 цех, 4 шағын диірмендер, 2 макаронды цех, 3 шағын наубайхана, сүтті қайта өндіру бойынша 2 цех, күнбағыс майын өндіру бойынша 6 цех бар. Ауданда облысқа өзінің көкөністерімен танымал Чернояр ауылы орналасқан. Сонымен қатар, Заря, Сычевка, Жаңа-Қала, Набережное, Мичурино, Чернорецк, т.б. ауылдарында көкөніс өсіру шаруашылығы кен тараған.

Әлеуметтік сала

Білім беру мен ғылым

Ауданда 28 орта жалпы білім беру мектептері мен 7 мектепалды ұйымдары тіркелген.

Денсаулық сақтау

Ауданға Павлодар ауданының Емханасы қызмет көрсетеді. Павлодар қаласында заводтардың көптігінен, адамдардың денсаулығы сыр береді. Жиі ауратын аурулар: онкологиялық, тыныс алу жолдары, жүрек -қан тамырлары мен қан қысымының аурулары да кем қалған жоқ

Мәдениет

Аудандық «Нива» газеті 1930 жылдан бастап шығарылады. Монументалды мәдени ескерткіш ретінде 1964 ж. орнатылған ҰОС қаза тапқандарға арналған ескерткіш болып табылады, Шақат ауылы.

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм