Иван Васильевич Панфилов

(Панфилов Иван Васильевич бетінен бағытталды)

Иван Васильевич Панфилов (1 қантар 1893 жыл, Ресей, Саратов облысы Петровск қаласы – 19 қараша 1941 жыл, Мәскеу облысы Волоколамск ауданы Гусеново ауылы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1940), Кеңес Одағының Батыры (12.4.1942)[1]. Бірінші-дүниежүзілік соғысқа, 1918 – 1920 жылы Азамат соғысына қатысып, 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды.[2]

  • 1923 Киевтегі жоғары әскери мектепті бітірді, батальон, полк басқарды.
  • 1937 жылы Орта Азия әскери округы штабының бөлім бастығы,
  • 1938 жылы Қырғыз КСР-інің әскери комиссары болды.
  • 1941 жылы соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберілді.
  • 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті (қ. Жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар). Панфиловшы батырлар тобының ерлігі Кеңес әскері жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсетуінің үлгісі болды. 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия оның есімімен аталды. Ленин, 2 рет Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Панфилов Мәскеудегі Новодевичье зиратына жерленген.
Иван Васильевич Панфилов
суреті
Генерал-майор Иван Панфилов кеңес маркасында, 1963 жыл
Туған күні

1 қаңтар 1893 (1893-01-01)

Туған жері

Петровск, Саратов губерниясы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

19 қараша 1941 (1941-11-19) (48 жас)

Қайтыс болған жері

Гусенево, Волоколам ауданы, Мәскеу облысы, РКФСР, КСРО

Мемлекет

Ресей империясы
РКФСР
 КСРО

Әскер түрі

Жаяу әскер

Қызмет еткен жылдары

19151918
19181941

Атағы

Фельдфебель
Генерал-майор (1940)

Әскери бөлімі

16-шы әскер
8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы

Шайқасы

Бірінші дүниежүзілік соғыс
Ресей империясының азамат соғысы
Кеңес-поляк соғысы
Екінші дүниежүзілік соғыс
Ұлы Отан соғысы

Алматы облысында аудан Панфиловтың есімімен аталады. Алматыда оның атында бір көше, 28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы парк бар, онда батыр-генералға ескерткіш орнатылған.[3]

Галереясы

Естеліктер

Иван Панфилов, Лев Доватор мен Виктор Талалихин жерлеген қабірлеріне орнатылған құлпытас. Мәскеу, Новодевичий зираты
  • Мәскеуде Новодевичий зиратында жерленген.
Барынауылдағы бюсті
  • Гусенево ауылында қайтыс болған жерге ескерткіш орнатылды (Мәскеу облысы Волоколам ауданы Чисменский ауылдық елді мекені).
  • Алматыдағы 28 батыр-панфиловшылар атындағы саябақта ескерткіш орнатылды.
Бішкектегі ескерткіші
  • Бішкектегі ескерткіш 1941 жылы генерал Панфиловтың ескерткішіне конкурс нәтижесінде тұрғызылған (авторлары Аполлон Мануйлов, Александр Могилевский, Ольга Мануйлова, И. Фрех-Хар және М. Епштейн). Бұл Ұлы Отан соғысы батырының құрметіне қойылған КСРО-дағы ең алғашқы ескерткіш. Ескерткіштің ашылуы 1942 жылдың қарашасында болды.
  • 2015 жылы 9 мамырда Астанада генерал Панфилов пен 28 батыр-панфиловшыға ескерткіш ашылды.
  • Қырғызстанда 1942 жылы Шу облысының Панфилов ауданы құрылды.
Волоколамскідегі бюсті
  • Волоколамск қаласында Панфилов көшесінде – № 4 үйде мемориалдық тақта; Волоколамск қаласындағы Октябрь алаңында – қола бюст.
  • Оның атымен Алматы облысындағы Жаркент қаласы (1942-1991 ж. - Панфилов) және Қазақстандағы үлкен ауыл аталды, Қырғызстандағы ауыл.
  • Тараз қаласындағы мектеп оның есімімен аталады.
  • Оңтүстік Қазақстан облысындағы 57 мектеп оның есімімен аталады.
  • Алматы қаласындағы №54 мектеп оның есімімен аталады.
  • Самара қаласындағы №116 мектеп оның есімімен аталады.
  • Саратов облысы Петровск қаласының №3 мектебіне оның есімі – өзі оқыған мектеп берілді, сонымен қатар мектепте И.В.Панфиловтың мұражайы бар.
  • Саратов қаласындағы №64 мектеп онык есімімен аталады.
  • Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Қарасу ауданындағы И.В.Панфилов атындағы ауыл.
  • Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы Панфилов атымен аталады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  • Момышұлы Б., Генерал Панфилов, А., 1965
  • Совет Одағының Қазақстандық батырлары, А., 1969
  • Панфилова М., Панфилов Иван Васильевич, А.-А., 1975.


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм