Парааминобензой қышқылы

Парааминобензой қышқылы (H1, B10 бактериалды дәрумен, ПАБК) — аминқышқылдар, ақ түсті ұнтақ, табиғатта кеңінен тараған.

Парааминобензой қышқылы

Тарихы

1940 жылы Вуде сульфаниламидті препараттардың гемолитикалық стрептоккаларға бактериостатикалы әсер ететіндігін анықтады. Сульфаниламидтердің бактериостатикалық әсері клеткалардағы биохимиялық реакциялар циклынан парааминобензой қышқылы бөліп шығаруға негізделген.

Түрлі жануарларға жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде қоректік заттардың құрамында параминобензой қышқылы жетіспесе, онда шаштың, жүннің, қауырсынның пигментациясы қалыпты жағдайдағыдай жүрмейтіндігі дәлелденді. Бұл дәрумен өте активтік қосылыстар қатарына жатады, оған, мысалы, парааминобензой қышқылының бір грамм молекуласы сульханиламидтің 23000 грамм молекуласының әсерін тежей алады.Бір топ органикалық қосылыстар витаминге ұқсас заттар қатарына жатады. Олардың әсер ету механизмі витаминдердікі сияқты болмаса да, кейбір жағдайда бұл заттардың жетіспеуші­лігінен организмдегі зат алмасу процесінде әр түрлі келеңсіз жағдайлар орын алады.

Химиялық құрылымы жəне қасиеттері

Пара-аминобензой қышқылы бензой қышқылының туындысы, молекуласында пара-жағдайда амин тобы бар.Пара-аминобензой қышқылы түссіз кристалл, суда, спиртте, эфирде жақсы ериді, қыздыруға төзімді.

Биологиялық қызметі

Пара-аминобензой қышқылының химиялық реакцияларға тікелей қатысатыны əлі анықталған жоқ. Бірақ фолий қышқылының құрамына кіретіндіктен ол көптеген биохимиялық процестер үшін ауыстырылмайтын фактор. Ол адамның жəне жануарлардың ішек-қарынында тіршілік ететін бірқатар микроағзалар үшін өсіргіш зат болып табылады, тирозиннің қоңыр түсті пигмент меланинге айналу реакциясына қатысады.

Авитоминоз

Қара егеуқұйрықтар тамағы қүрамында пара-аминобензой қышқылы болмаса олардың жүні ағарады, сол сияқты басқа жануарлар да жүнінің бояуы жоғалады, адамның шашы да сондай өзгеріске ұшырайды. Мұндай құбылыстардың себебі бəлі нақты анықталмаған. Өйткені бұл кезде қоректе пантеон қышқылы мен биотин болмайды.

Табиғатта таралуы

Пара-аминобензой қышқылы табиғатта кең таралған, ол əсіресе ашытқыда, бауырда, сүтте, жұмыртқада, күріш кебігінде жəне басқа да астық тұқымдас дақылдарда көп болады. [1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм