Патрик Вьейра

Патрик Донале Виейра (фр. Patrick Donalé Vieira; 23 маусым 1976, Дакар) — француз футболшысы, тегі сенегалдық. Жартылай қорғаныста ойнаған, бүгінде бапкер. Қазір "Ницца" (Франция) клубын жаттықтырады[1].

Патрик Виейра Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Патрик Донале Виейра

Лақап аттары

La Pieuvre (Спрут)

Туған күні

23 маусым 1976 (1976-06-23) (47 жас)

Туған жері

Дакар, Сенегал

Азаматтығы

Франция Франция

Бойы

192

Салмағы

82

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Франция Ницца

Қызметі

Бас бапкер

Жастар клубы
1984—1986Франция Трапп
1986—1991Франция Друа
1991—1993Франция Тур
Клуб карьерасы[* 1]
1993—1995Франция Канн49 (2)
1995—1996Италия Милан2 (0)
1996—2005Англия Арсенал (Лондон)279 (29)
2005—2006Италия Ювентус38 (5)
2006—2010Италия Интернационале67 (6)
2010—2011Англия Манчестер Сити28 (3)
1993—2011Барлығы456 (45)
Ұлттық құрамы[* 2]
1995—1996Франция Франция-217 (0)
1997—2010 Франция107 (6)
Бапкерлік карьерасы
2011—2013Англия Манчестер Ситижастар
2013—2015Англия Манчестер Ситирезерв
2016—2018АҚШ Нью-Йорк Сити
2018—Франция Ницца

Карьерасы

Карьерасының көп бөлігі "Арсеналда" өтті. 1996 жылы "Миланда" бір маусым ойнап, Италия чемпионы атанды да, лондондық клубқа барып қосылды. "Арсеналда" тоғыз маусым доп теуіп, үш рет Англия чемпионы атанды. Бірақ клубтық деңгейдегі халықаралық жүлделерді ұту мақсатында 2005 жылы "Ювентусқа" кетті.

2005/6 жылғы маусымда Италия чемпиондығын ұтып алғанымен, Италиядағы жемқорлық пен сыбайластық жанжалынан соң "Ювентустың" бұл жетістігі жоққа шықты да, команда В сериясына түсіп кетті. Төменгі лигада ойнағысы келмеген Вьейра "Интернационалға" ауысты.

2010/11 жылғы маусымда "Манчестер Ситиде" доп тепті.

Ұлттық құрама сапында 1997-2010 жылдары ойнап, 1998 жылы әлем чемпионы, 2000 жылы Еуропа чемпионы атанды.

Жетістіктері

«Милан»
  • Италия чемпионы: 1995/96
«Арсенал»
  • Англия чемпионы: 1997/98, 2001/02, 2003/04
  • Англия кубогы: 1997/98, 2001/02, 2002/03, 2004/05
«Интернационале»
  • Италия чемпионы: 2006/07, 2007/08, 2008/09
«Манчестер Сити»
  • Англия кубогы: 2010/11
Ұлттық құрама
  • Әлем чемпионы: 1998
  • Еуропа чемпионы: 2000

Жеке

  • Құрмет легионы ордені: 1998
  • Англиядағы жыл футболшысы: 2000/01
  • FIFA 100: 2004

Дереккөздер

Сілтемелер