Портал:Африка

Портал Жоба Талқылау Қатысушылар

Африка порталы
Қош келдіңіздер!

Кіріспе

Африка — аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі. Жерінің аумағы — 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны — 728 млн. адам. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы — 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр.

Таңдаулы мақала

2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткізілген футболдан он тоғызыншы Әлем чемпионаты. Бұл сайысқа 32 ел қатысып, арасынан футболдан жаңа Әлем чемпионы анықталды. Бұл турнирде Испания құрамасы финалда Нидерланд командасын жеңіп, өз тарихында бірінші рет Әлем чемпионы атағын алды.
Әлем чемпионаты 2010 жылы бірінші рет Африка құрлығында өтті. 2010 жылғы футболдан әлем чемпионатын ФИФА ережелері бойынша Африкада өтуі міндет болды.

Бұл турнирді өткізуге 5 үміткер болды:

ФИФА-ның атқарушы комитетінің шешімі бойынша келесі чемпионатты екі елде бірге өткізуге тыйым салынды. Сондықтан, Ливия және Тунистің кандидатурасын алып тастады.2004 жылы 15 мамыр күні Цюрихте (Швейцария) өткізілген конференцияда Йозеф Блаттер келесі 2010 жылғы Әлем чемпионаты Оңтүстік Африка Республикасында өтетінін жариялады.

Таңдаулы сурет

Жақындап келе жатқан леопард.

Таңдаулы тұлға

V Мұхаммед Сиди Мұхаммед бен Юсуф (араб.: محمد الخامس‎; 10 тамыз 1909, Фес — 26 ақпан 1961, Рабат) — Марокконың сұлтаны (19271957) және королі (1957—1961)

Әкесі қаза тапқаннан кейін, Марокконы басқарған француздар оның екі ағасын тысқары қойып, өзін сұлтан етіп тағайындады, өйткені француздар оны көнгіш адам деп есептеді. Билік еткен уақытында ұлттық ниетін ептілікпен жасырып жүрді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (19391945) марокколық еврейлерді фашистік басқыншылардан қорғады. 1953 жылы француздар оны 2 жылға жер аударып жіберді, бірақ ұлтшылдар тарапынан жасалған қысым салдарынан оны қайтаруға мәжбүр болды. 1956 жылы Франциядан тәуелсіздік алды, келесі жылы король титулына ие болды.

Фотосурет галереясы


Африка елдері

     Солтүстік Африка
АлжирМысырЛивияМароккоСуданОңтүстік СуданТунис


     Батыс Африка
БенинБуркина-ФасоКабо-ВердеКот-д’ИвуарГамбияГана
ГвинеяГвинея-БисауЛиберияМалиМавританияНигер
НигерияСенегалСьерра-ЛеонеТого


     Орталық Африка
АнголаКамерунОрталық Африка РеспубликасыЧадКонго РеспубликасыКонго Демократиялық Республикасы
Экваторлық ГвинеяГабонСан-Томе және Принсипи


     Шығыс Африка
БурундиКомор аралдарыДжибутиЭритреяЭфиопияКения
МадагаскарМалавиМавританияМозамбикРуандаСейшель аралдары
СомалилендСомалиТанзанияУгандаЗамбияЗимбабве


     Оңтүстік Африка
БотсванаЛесотоНамибияОАРСуазиланд