Роман Вайденфеллер

Роман Вайденфеллер (нем. Roman Weidenfeller; 6 тамыз 1980 жыл, Диц, Рейнланд-Пфальц) — германиялық футболшы, қақпашы.

Роман Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Роман Вайденфеллер

Туған күні

6 тамыз 1980

Туған жері

Диц, Рейнланд-Пфальц, Германия

Азаматтығы

Германия Германия

Бойы

188 см

Салмағы

85 кг

Позиция

Қақпашы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1999—2002Германия Кайзерслаутерн6 (-11)
2002—2018Германия Боруссия Дортмунд349 (-389)
Ұлттық құрамы[* 2]
2013—2015 Германия5 (-5)

Карьерасы

Клубтық

2000 жылы Роман «Кайзерслаутерн» футбол клубының негізгі қақпашысы болды, бірақ ол команда да 6-ақ ойын ойнап дортмундтық "Боруссия" сапына ауысты. 2003 жылы "Боруссияның" негізгі қақпашысы Йенс Леманн ағылшындық "Арсенал" сапына ауысып кеткен соң, негізгі қақпашысы Роман Вайденфеллер болды.

2003 жылы 17 желтоқсанда Роман "Боруссия" сапындағы тұңғыш ойынын бұрынғы клубы "Кайзерслаутернге" қарсы өткізді.

Ұлттық құрама

Роман Вайденфеллер Германияның жастар ұлттық құрамасына ең алғаш рет 1997 жылы шақырылады. Роман өзінің жастар құрамасындағы алғашқы ойынын 1997 жылы Египетте өткен жастар арасындағы Әлем Чемпионатында өткізді. Ол Чемпионатта Германия 4 орынға ие болды және Роман Вайденфеллер чемпионаттың ең үздік қақпашысы атанды.

Германияның жастар сапында Вайденфеллер 1999-2001 жылға дейін өнер көрсетті. Ал негізгі Ұлттық құраманың сапына ең алғаш рет 2013 жылы шақырылды. Роман Вайденфеллер Бразилиядан өткен 2014 жылғы Әлем Чемпионатына Мануэль Нойерден кейінгі екінші қақпашы ретінде барды. Ол Чемпионатта Германия ұлттық құрамасы жеңімпаз атанды.

Жетістіктер

Дортмундық Боруссия

  • Германия чемпиондары: 2011, 2012
  • Германия Кубогының иегерлері: 2012
  • Германия Суперкубогының иегерлері: 2008, 2013

Ұлттық құрама

  • Әлем чемпиондары: 2014

Дереккөздер

Сілтемелер