Рональд де Бур

Рональд де Бур (нидер. Ronald de Boer; 15 мамыр 1970) — нидерланд футболшысы, жартылай қорғаушы. Бүгінде бапкер. Тағы бір нидерландтық футболшы Франк де Бурдың сыңары.

Рональд де Бур Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Рональдус де Бур

Туған күні

15 мамыр 1970 (1970-05-15) (53 жас)

Туған жері

Хорн, Нидерланд

Азаматтығы

Нидерланд Нидерланд

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Жастар клубы
Нидерланд Де Зувен
1983—1988Нидерланд Аякс
Клуб карьерасы[* 1]
1987—1991Нидерланд Аякс52 (14)
1991—1993Нидерланд Твенте49 (22)
1993—1998Нидерланд Аякс172 (36)
1998—2000Испания Барселона33 (1)
2000—2004Шотландия Рейнджерс104 (32)
2004—2005Қатар Аль-Райян22 (3)
2005—2008Қатар Аль-Шамаль56 (7)
Ұлттық құрамы[* 2]
1993—2003Нидерланд Нидерланд67 (13)
Бапкерлік карьерасы
2010—2011Қатар Катар (олимп.)асс.
2010—2011Қатар Катар (23)асс.

Карьерасы

"Аякс" футбол мектебінің түлегі. 1988-98 жылдар аралығында "Аякс" сапында көптеген жүлделерге қол жеткізді. 1991 жылы "Твентеге ауысқанымен, екі жылдан соң туған клубына қайта оралды.

1998 жылы сыңары Франкпен бірге "Барселонаға" ауысты. 1999 жылы Испания чемпионы атанып, 2000 жылы Шотландияға "Рейнджерс" сапына ауысты. Шотландиялық клубта төрт маусым ойнаған соң тағы да Франкпен бірге Катар клубтарында екі жылдай ойнап, карьерасына нүкте қойды.

Ұлттық құрамада 1993-2003 жылдары ойнады. 1998 жылы әлем біріншілігінде жартылай финалға дейін жетті. 2000 жылғы Нидерландта өткен Еуропа чемпионатында да жартылай финалда Италияға жол берді. Осылайша, ағайынды де Бурлар, Бергкамп, Клюйверт, Овермарс, Давидс секілді алтын буын ұлттық құрамада жүлдеге қол жеткізе алмады.

Жетістіктері

  • Аякс
Нидерланд чемпионы (5): 1990, 1994, 1995, 1996, 1998
Нидерланд кубогы (2): 1993, 1998
Нидерланд суперкубогы (3): 1993, 1994, 1995
Нидерландтың үздік футболшысы (2): 1994, 1996
Чемпиондар Лигасы (1): 1995
УЕФА суперкубогы (1): 1995
Құрлықаралық кубок (1): 1995
Чемпиондар Лигасының финалисі (1): 1996
  • Барселона
Испания чемпионы (1): 1999
  • Рейнджерс
Шотландия чемпионы (1): 2003
Шотландия кубогы (1): 2002, 2003
Шотландия Лига кубогы (2): 2002, 2003
  • Нидерланд құрамасы
Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1998

Дереккөздер

Сілтемелер