Патрик Клюйверт

Патрик Клюйверт (кей елдерде Клайверт, Клуйверт) — нидерланд шабуылшысы, 1976 жылы 1 шілдеде[2] Амстердамда дүниеге келген. 1998 жылғы әлем чемпионатына, 1996, 2000 жылдары Еуропа чемпионатына қатысқан. "Аякс", "Милан", "Барселона", "Ньюкасл" және бірнеше клубтарда доп тепкен.

Патрик Клюйверт Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

1 шілде 1976 (1976-07-01) (47 жас)

Туған жері

Амстердам

Азаматтығы

Нидерланд

Бойы

189

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтаған

Жастар клубы
1983—1984Нидерланд Схелингвауде
1984—1994Нидерланд Аякс
Клуб карьерасы[* 1]
1994—1997Нидерланд Аякс70 (39)
1997—1998Италия Милан27 (6)
1998—2004Испания Барселона182 (90)
2004—2005Англия Ньюкасл Юнайтед25 (6)
2005—2006Испания Валенсия10 (1)
2006—2007Нидерланд ПСВ16 (3)
2007—2008Франция Лилль13 (4)
Ұлттық құрамы[* 2]
1992Нидерланд Нидерланд-183 (0)
1992—1994 Нидерланд (19)20 (6)
1994—2004 Нидерланд79 (40)
Бапкерлік карьерасы
2008—2010Нидерланд АЗасс
2010—2011Нидерланд НЕКасс
2011—2013Нидерланд Твенте (жас)
2012—2014 Нидерландасс
2015—2016 Кюрасао
2016Нидерланд Аякс (жас)
2016—2017Франция Пари Сен-Жерменсп дир
2018—2019 Камерунасс
2019—Испания Барселонаак. дир[1]

Өмірбаяны

Клубтық

Ол Амстердамның "Аякс" клубының алтын буын өкілдерінің бірі. 90-жылдардың ортасында "Аякс" клубы екі рет УЕФА Чемпиондар Лигасының финалына шықтқан. 1995 жылы аталмыш турнирдің финалында "Миланмен" кездесіп, Клюйверт ойын тағдырын шешкен жалғыз допты соқты. 1997-98 жж маусымда "Миланда" ойнап, жарқырай алмады. Әуелі, көшеде тәртіп бұзып, автомобилінен айрылды, сосын оған "қыз зорлады" деген айып тағылып, біраз уақыт басы бәлеге қалды.

Сол жылы жазда Клюйверт "Барселонаға" ауысты. Клюйверт бұл жақта Ривалдо, Луиш Фигу секілді мықтылармен тізе қоса ойнап, клуб 1999 жылы Испания чемпионатын ұтып алды.

2004 жылы жазда Клюйверт "Барселонадан" кетті. Оны "Ньюкасл" өзіне шақырды. Ол жерде ұзақ тұрақтай алмай, "Валенсия", ПСВ, "Лилль" клубтарында бір маусымнан ғана ойнап, 2008 жылдың жазында өзө мамандығын бапкерлікке ауыстырды.

Ұлттық құрама

1994 жылы 16 қарашада тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты.

1996 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Англия қақпасына бір гол соқты, бұл ойында Нидерланд 1:4 есебімен ұтылды.

1998 жылы Францияда өткен әлем чемпионатына қатысып, алғашқы турдағы Бельгиямен ойында-ақ алаңнан қуылды. Осы жазадан соң тек ширек финалда Аргентинамен болған ойында ғана алңға шықты. 12-минутта есеп ашты. Бұл кездесуде Нидерланд құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал жартылай финалда Бразилиямен өткен матчта Клюйверттің голы құрамасы жеңілістен құтқарып қалды. Бірақ пенальтилер сериясында Бразилия бұларды ұтып кетті.

2000 жылғы Еуропа чемпионаты Нидерланд және Бельгияда өтті. Нидерланд чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі болды. Топтық турнирдегі үш ойынның бәрінде де қарсыластарын ұтып, 1/4 финалда Югославия құрамасын 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Осы ойында Клюйверт хет-трик жасады. Жартылай финалда Италиямен матчта Нидерланд құрамасынан ашықтан-ашық сәттілік бас тартты: ойын барысында алаң иелері екі рет пенальтиді соға алмады, оның бірін екінші таймда Клюйверт тепкен еді, оның үстіне қарсыластары 34-минуттан бастап он адам боп ғана ойнады. Пенальтилер сериясында Нидерланд жеңіліп қалды. Бұл Клюйверттің соңғы Халықаралық турнирі еді: ол 2004 жылғы Еуропа чемпионатына барғанымен, бір минут та алаңға шықпады.

Жетістіктері

Клубтық

  • Нидерланд чемпионы 1995, 1996, 2007
  • Испания чемпионы 1999

Халықаралық

Құрама

  • Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1998
  • Еуропа чемпионатының жартылай финалисі: 2000, 2004

Басқа да деректер

  • Клюйверт тағы бір Нидерланд құрамасының танымал шабуылшысы — Руд ван Нистелроймен бір жылда, бір күнде дүниеге келген. Бұл екеуінің тағы бір ұқсастығы — Екеуі де Еуропа чемпионаттарына екі реттен қатысып, 6 доптан соққан. Екеуі де әлем чемпионаттарына бір реттен ғана қатысқан.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Ресми сайты Мұрағатталған 22 қазанның 2019 жылы.