Сингл

Сингл (ағылш. жалғыз) — музыкалық шығарманы жариялаудың әдісі.

Винил синглдерінің түрлері

Бұл термин 1950-ші жылдары пайда болды. Ұзақ ойнайтын, көп композицияны қамтитын күйтабақтан ажырату үшін, бір ғана немесе бірен-саран әннен, композициядан тұратын күйтабақты сингл деп атайтын болған.

Бастапқыда синглдер винил немесе шеллак күйтабақтары болып шығарылды. Оларда А» және «Б» жақтары болды, әр жаққа бір ән жазуға болатын еді.[1] Кейіннен ықшам дискілерге жазыла бастады, бұл көбірек композиция енгізуге мүмкіндік берді, мысалы әртүрлі ремикстерді қосуға болды. Шығармашылықты сандық тарату арқылы таныстыру мүмкіндігі туғанда, сингл түсінігі тағы да өзгерістерге ұшырады. Мысалы, iTunes сингл деп үш композициядан артық емес, әрқайсысы он минуттан аспайтын жинақты атайды.[2] Басқа сандық қызметтерде бұл критерийлер басқаша болуы мүмкін.

Бір ән не композиция альбом ішінде де, жеке шығарылуы да мүмкін.

Тағы қараңыз

Дереккөздер