Солтүстік тынық мұхит ағысы

Тынық мұхиттың солтүстік бөлігіндегі жылы ағыс, Куросио ағысының жалғасы. Хонсю аралынан Солтүстік Америка жағалауына дейін мұхитты батыстан шығысқа қарай (шамамен 35 және 42с.е. аралығында) кесіп өтеді. Жылдамдығы 0,9 – 1,1 км/сағатқа дейін. Суының орташа температурасы ақпанда 7 – 16С, тамызда 18 – 23С. Тропиктік және қоңыржай ендік суларының шекарасында өтпелі белдем құрайды. 150б.б. тұсында Аляска (жылы) және Калифорния (суық) ағыстарына бөлініп кетеді.

Пайдаланған сілтеме

Қазақ энциклопедиясы