Калифорния

АҚШ штаты
 Басқа мағыналар үшін Калифорния (айрық) деген бетті қараңыз.

Калифорния штаты (ағылш. California) — АҚШ-та халкының саны жағынан бірінші, аумағы жағынан үшінші орын алады. Мұнда 34 млн адам тұрады, бұдан 21 жыл бұрын бұл цифр 11 млн-ға кем болатын. Штаттың тарихы Америка өзенінен алтын табылғаннан кейін осы ауданды түгел қамтыған "алтын безгегінен" басталады.

АҚШ штаты

Калифорния
ағылш. California

Калифорния туыКалифорния мөрі
Калифорния туыКалифорния мөрі
АҚШ картасындағы Калифорния штаты

Штат ұраны

«Эврика!»

Штат әні

I Love You, California

Штат лақапаты

«Алтын штат»

Астанасы

Сакраменто

Ең ірі қаласы

Лос Анджелес

Ірі қалалары

Сан Диего
Сан Хосе
Сан Франциско
Фресно

Тұрғыны

37 253 956 (2010 жыл)
1-ші орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
90,49 адам/км²

Ауданы

3-ші орын
- барлығы
423 970 км²
- су беті
20 037 км² (4,72 %)
- ендік
32°30' с. е. бойынша 42° с. е., 400 км
- бойлық114°8' б. б. бойынша 124°24' б. б., 1 240 км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі4 421 м
- орташа биіктігі880 м
- минимал биіктігі
-86 м

Губернаторы

Джерри Браун

Вице-губернаторы

Гевин Ньюсом

Заң шығару органы

Калифорния легислатурасы
- жоғарғы палатасыКалифорния сенаты
- төменгі палатасыКалифорния заң шығару жиналысы

Сенат мүшелері

Дайэнн Файнстайн
Барбара Боксер

Уақыт белдеуі

Тынық мұхит уақыты: GMT-8/-7

Автомобиль коды

CA

Ресми сайты:

ca.gov


Қазіргі уақыттағы Калифорнияның орталығы — Голливуд, киноиндустриясы және ойын сауықтарымен әйгілі ғана емес, кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктерімен де даңқы шыққан. Калифорнияда дүние жүзіндегі жоғары технологиялар мен компьютерлер жасаудың ең ірі және ең табысты орталықтарының бірі — әйгілі Кремний жазығы (Силикон жазығы) орналасқан.Мұнда компьютерлер мен оларды бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету құралдарын шығаратын жетекші кәсіпорындардың штаб-пәтерлері, зерттеу орталықтары орналасқан.

Силикон жазығында мыңдаған адам жұмыс істеп, жүздеген миллион доллар ақша табуда. Калифорнияда дәстүрлі саналатын авиағарыштық және кеме жасау қалаларының кәсіпорындары да жұмыс істейді. Алайда штаттың ең ірі қалалары — Сан Франциско мен Лос Анжелесте ауыр өнеркәсіп емес, керісінше электроника мен ойын сауық, туризм мен банк ісін қамтитын қызмет көрсету индустриясы жетекші салалар болып табылады. Сан-Франциско мен оның айналасындағы аумақта 7 млн-нан аса, ал АҚШ- тың батысындагы ең ірі метрополигендік аумақ болып табылатын Лос-Анджелесте 16 млн-нан аса адам тұрады. Жағажайдағы үлкен жазықта өсіп, дамыған бұл мегаполис қоршаған ортаны елеулі түрде ластайтын автожолдардың қуатты тармағымен біртұтас байланысқан. Лос Анжелестің оңтүстігіне қарай Лос-Анджелес — Лонг-Бинч порты орналасқан. Ол АҚШ-тың Тынық мұхиты жағалауындағы ең ірі сауда порты. Қазіргі уақытта тұтастай алғанда гүлденіп келе жатқан Калифорния штаты үшін халықтың өте тығыз қоныстануы мен урбандалуы аса маңызды проблемалар болып табылады.

Халқы - 36,553,215 (2007 est.)

Астанасы - Сакраменто

Қалалары

  • Лос Анжелес - ең үлкен Калифорнияның қаласы. Американ фильмдері түгелдей дерлік Лос Анджелес қаласының жанындағы Голливудта шығады.
  • Сан Франциско - Американың батысындағы ірі порт әрі өнеркәсіп орталығы.
  • Сан Диего - Калифорнияның екінші ірі қаласы.
  • Сан Хосе - Калифорнияның үшінші қаласы.

Ресми тілдері

Климаты

Калифорнияның аумақты шекарасында жерорта теңіздік климат болып табылады. Бұл жердің қысы жаңбырлы және жазы құрғақ болып келеді. Мұхиттың әсері температураның ауытқуын төмендетеді, жазды салқындатады, ал қысты жылытады. Суық Калифорниялық мұхит ағысының кесірінен әрдайым жағажайды тұман басып тұрады. Шекара орталығына жақындай бере континентті климат болып табылады. Батыс желдері мұхиттардан ылғалдық алып келеді. сондықтан штаттың солтүстік жақ бөлігінде жауын-шашын көп түседі. Климатқа сондай-ақ таулар да әсер етеді. Таулар ылғалды ауаны орталық Калифорнияға өткізбейді. Калифорнияның Солтүстік-батыс бөлігі қоңыржай климатты аумақ болып табылады. Жалпы жауын-шашын түсу мөлшері жылына 38-100 см. Тауларға таулы климат сипатты, сондықтан таулы аймақта ызғарлы қыс және қоңыржай жылы жаз. Таудан шығысқа қарай шөлді аймақ орналасқан. Бұл жер қысы суық, жазы ыстық аумақ болып табылады.

Флора және фауна

Калифорнияның аумақты бөлігін калифорниялық флористикалық провинция алып жатыр, бұл аумаққа эндемиктік (түрлік - 48%, туыстық - 7.5%) тән. Таулы аумақтарда қалың ну ормандар кездеседі. Эндемик өсімдіктер тән:Sequoia sempervirens, Sequoiadendron giganteum, Umbellularia californica, Lithocarpus densiflora, Fremontodendron californicum, Paeonia californica, Crossosoma californicum, Carpenteria californica, Lyonothamnus floribundus, Cercis occidentalis, Pickeringia montana, Staphylea bolanderi, Aesculus californica. Калифорниялық шөлдерге тәң эндемиктер де бар: (Carnegiea, Washingtonia), ал оңтүстігінде (Сонор шөлінде) бейтропикалық өсімдіктер белгілі. Штат аумағында сегіз ұлттық саябақ.бар

Әкімшілік ұйымдастырылуы

Калифорния штатында 58 округ және 48 қала бар. Бұл штатта АҚШ-тағы ең үлкен округ - Сан-Бернардино орналасқан. Штатта басқа штартар сияқты "town" және "city" деп бөлінбейді, барлық қалалар бірдей деңгейде тұрады. Бірақ 458 қала өздерін «City of (Атауы)» және 22 - «Town of (Атауы)» деп атайды.

Халқы

ЖылХалық саны+/- %
185092 597
1860379 994310,4 %
1870560 24747,4 %
1880864 69454,3 %
18901 213 39840,3 %
19001 485 05322,4 %
19102 377 54960,1 %
19203 426 86144,1 %
19305 677 25165,7 %
19406 907 38721,7 %
195010 586 22353,3 %
196015 717 20448,5 %
197019 953 13427 %
198023 667 90218,6 %
199029 760 02125,7 %
200033 871 64813,8 %
201037 253 95610,0 %
201238 041 4332,10%

Калифорния халқының тығыздық картасыКалифорния АҚШ-тағы халқы ең тығыз орналасқан штат. Бір ғана Лос-Анджелес округында 9 800 000 тұғын тұрып жатыр. Калифорния хылқының ортышы тығыздығы - шамамен 1 км шаршыға 91 адамнан. (АҚШ-та 11 орында) Калифорния хылқының көбісі ақ түсті терілі адамдар, олардан кейін лтынамерикалықтар (үштен бірі), афроамерикандықтар және америкалық үнділер.

Калифорнияның назар аударарлық жерлері

  • Голливуд
  • Блайт пішіндері
  • Мафусаил (ағашы)
  • Форт-Росс мұражай-қорығы
  • Йосемити ұлттық саябағы
  • Ранчо Ла-Брея
  • Мохаве телефон үйшігі — 2000 ж. қайта жөндеуден өтті
  • Херст-касл
  • Басқа да штаттар сияқты Калифорнияда да теміржол мұражайлары бар: Ломита, Golden Gate

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Калифорния