Спатифиллум

Спатифиллум (лат. Spathiphyllum) – шаяноттар тұқымдасының 113 тегінің бірі. Спатифиллумның бүгінгі таңда 50 түрі белгілі[1] . Біздін елде тек бөлме өсiмдiктерi түрінде өседі. Ол көбінесе «Әйел бақыты» деген атпен белгілі. Бұл аялы алақанға ұқсайтын гүлдеріне байланысты болуы мүмкін.

Спатифиллум
Spathiphyllum cochlearispathum
Spathiphyllum cochlearispathum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Дара жарнақтылар
Сабы:Alismatales
Тұқымдасы:Araceae
Кіші тұқымдасы:Monsteroideae
Тайпасы:Spathiphylleae
Тегі:Spathiphyllum
Schott

түрлері

40 түрі белгілі

Биологиялық сипаттамасы

Көбіне бұл шөп тектес өсiмдiк. Әдетте 60 см өседі. Ол мәңгi жасыл өсімдік. Мамырда гүлдейдi. Тамырсабақ қысқа. Сабақты болмайды - тамыр қасындағы жапырақтар топырақтан шоқ тiкелей құрастырады.

Гүлдерінің түсі ақ, ұзындығы шамамен 7-12 см болады. Гүлінің сыртындағы қаптамасының түсі түріне қарай әртүрлі болып келеді. Гүлдері ұзын сабақ басында орналасады. Сабағының ұзындығы 30 см. Көктемде екі аптадай гүлдейді. Жаздың аяғында екінші мәрте, қыста үшінші рет гүл жарады. Солған гүлдерін түбінен кесіп тастау керек. Гүлдегеннен кейін де спатифиллум үлкен жапырақтарымен әдемі көрінеді.

Таралуы

Өсімдіктің ареалы

Өсімдік Орталық Америка: Мексика, Белиз, Коста-Рика, Сальвадор, Гватемала, Никарагуа, Панама және Оңтүстік Америкада: Тринидад және Тобаго, Франциялық Гвинея, Гайана, Суринам, Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Бразилия ормандарында кездеседі. Тек 3 түрі басқа аймақтарда өседі.

Түрлері:

Спатифиллумның бүгінгі таңда 50 түрі белгілі[1], олар 5 секцияға бөлінеді:

  • Massowia (K.Koch) Engl.
    • Spathiphyllum cannifolium (Dryand. ex Sims) Schott — Спатифиллюм каннолистный
    • Spathiphyllum commutatum Schott
    • Spathiphyllum laeve Engl.
  • Amomophyllum (Engl.) Engl.
    • Spathiphyllum cuspidatum Schott
    • Spathiphyllum floribundum (Linden et André) N.E.Brown — Спатифилюм обильноцветущий
  • Dysspathiphyllum Engl.
    • Spathiphyllum humboldtii Schott — Спатифиллюм Гумбольдта
  • Spathiphyllum
    • Spathiphyllum blandum Schott — Спатифиллюм прелестный
    • Spathiphyllum cochlearispathum (Liebm.) Engl. — Спалифиллюм ложковидный
    • Spathiphyllum wallisii Regel — Спатифиллюм Уоллиса
  • Chlaenophyllum
    • Spathiphyllum solomonense Nicolson
  • вид вне секций
    • Spathiphyllum schlechteri (Engl. & Krause) Nicolson — Спатифиллюм Шлехтера

Күтімі

  • Жарығы: Жарық жерде өсіру керек.
  • Жылуы: Қыста 18ºC төмен болмағаны жөн. Орташа температурасы +25
  • Суғарылуы: Гүлдеу кезінде молынан, басқа уақыттарда сирек суғарылады.
  • Ылғалдылығы: Ылғалдылықты көп қажет етеді. Су бүркумен қатар, түбегінің түбіне үнемі су құйып тұру керек.
  • Қоректендірілуі: Наурыз айынан қыркүйек айына дейін минералды тыңайтқышпен қоректендіріледі.
  • Аурулары: Түбегі тым үлкен болса гүлдемей қалады. Ылғалдылық аз болса жапырақтарының ұштары сарғайып, қурап қалады.
  • Көбейтілуі: Түбін бөлу арқылы көбейтеді.

Галерея

Сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Spathiphyllum

Дереккөздер

  • "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм