Сүңгуір үйректер

Сүңгуір үйректер (лат. Aythya) – қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын құс.

Сүңгуір үйректер
Алакөз сүңгуір (Aythya nyroca)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Құстар
Сабы:Қазтәрізділер
Тұқымдасы:Үйрек
Кіші тұқымдасы:Сүңгуір үйректер
Тегі:Сүңгуір үйрек
Фридрих Бойе, 1822
Түрлері

12 түрі


Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай және суық белдемдерін мекендейтін 7 түрі бар. Қазақстанда 4 түрі:

  1. алакөз сүңгуір үйрек. (A. nyroca) – Зайсанда, ІлеШу атырабында, Сырдария өзендерінің аңғарларында;
  2. көк сүңгуір үйрек (A. ferina) (дене тұрқы 50 см-дей, салмағы 0,7 – 1,1 кг, қоразының басы және мойны жирен, арқасы көгілдір сұр түсті) негізінен республикамыздың солтүстік бөлігінде, Алакөл ойысында;
  3. айдарлы сүңгуір үйрек (A. fuligula) – Қазақстанның солтүстігінен оңтүстік-шығысына дейінгі жерлерде;
  4. теңіз сүңгуір үйрек (A. marila) кездеседі.

Сүңгуір үйрек – жыл құсы. Ұяларын тайыз суға, бөген не көл жағалауларына салады. Сәуір – мамыр айларында 5 – 14 жұмыртқа салып, оларды мекиені 4 аптадай басады. Балапаны 1,5 – 2 айда қанаттанып, өздігінен ұша алады. Сүңгуір үйрек су өсімдіктері және омыртқасыздармен қоректенеді. Әуесқойлық және кәсіптік жолмен ауланады.

Сүңгуір үйректер - су кұстарының туыс тобы, үйрек тұқымдастарына жатады. Артқы саусақтарында тері қалақтары болады, үйректің сүңгуіне мүмкіндік береді. Қызыл сүңгуір, қара тұрпаң кең таралған.[1][2]

Дереккөздер


Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Aythya
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм