Тоған

Тоған.

  • Теңіз суынан жағалау бел-белестерімен мүлдем оқшауланып қалған немесе онымен енсіз бұғаздар арқылы ғана байланысты мейілінше саяз табиғи су алабы. Әдетте Тоған 3 – 5 м тереңдікке дейін қазылып немесе кішігірім өзен, бұлақ аңғарына, сай немесе жыраға бөгет салу жолымен жасалынады. Аудан 1 км²-ден аспайды. Жер беті немесе жер асты ағын суларымен толығады. Тоған жер суландыру, балық өсіру, демалыс, т.б. мақсаттарға арналып жасалады.[1]
  • Сырт пішіні шығыршыққа яки сақинаға ұқсайтын маржанды аралдардың ішкі өңірінен ұшырасатын су алабы. Атолл терминіне қараңыз.[2]

Дереккөздер