Тоқмақ

Тоқмақ (қыр. Токмок) — Қырғызстанның Шу облысындағы облыстық бағыныстағы қала. 2003-2007 жылдары облыс орталығы болған.

Қала
Тоқмақ
қыр. Токмок
ТуЕлтаңбасы
ТуЕлтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қырғызстан

Облыс

Шу облысы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

42°49′07″ с. е. 75°18′28″ ш. б. / 42.81861° с. е. 75.30778° ш. б. / 42.81861; 75.30778 (G) (O) (Я) 75°18′28″ ш. б. / 42.81861° с. е. 75.30778° ш. б. / 42.81861; 75.30778 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1825

Қала статусы

1867

Жер аумағы

55,35 км²

Биіктігі

800-850 м

Уақыт белдеуі

UTC+6

Тұрғындары
Тұрғыны

71 443[1] адам (2021)

Ұлттық құрамы

қырғыздар - 46,8 %
орыстар — 20,5%
дүнгендер — 16,5%
өзбектер — 8,6%
татарлар — 1,9%
ұйғырлар — 1,7%
қазақтар — 1,1% [1]

Ресми тілі

қырғыз

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

996 3138

Пошта индексі

722000

Автомобиль коды

C, S, 08

Тоқмақ картада
Тоқмақ
Тоқмақ
Тоқмақтағы мешіт

Географиясы

Қырғызстанның солтүстігінде, Шу аңғарында, Шу өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан, өзен бойының қала аумағында Қырғызстан мен Қазақстан шекарасы өтеді. Тоқмақтан солтүстікке және оңтүстікке қарай Тянь-Шань сілемі: оңтүстікке — Қырғыз жотасы, солтүстікке — Іле Алатауы созылып жатыр.

Тарихы

Қазіргі Тоқмақ ХІХ ғасырдың басында (1825-1830) Қоқан бекінісі ретінде құрылған болатын. Кейіннен, 1862 жылы бекіністі орыс әскерлері басып алып, қиратып тастады.

Кейінірек, бұрынғы Қоқан бекіністерінің орнына орыс бекіністері қалана бастады. 1864 жыл мамыр айының басында, Тоқмақ бекінісінің қирандыларының орнында Верныйдан келген полковник Черняевтің отряды орналасты да 1864 жылы 13 мамырда Тоқмақ орыс бекінісін орнықтырды.

1867 жылы Тоқмақ қала статусына ие болды және Түркістан генерал-губернаторлығының Жетісу облысындағы өзімен аттас Тоқмақ уезінің орталығы болды. Уезд орталығы 1878 жылы Пішпек қаласына ауыстырылды. Осыдан кейін Тоқмақ қала мәртебесінен айырылған болатын. 1927 жылы Тоқмақ қайтадан қала мәртебесін алды.

Халқы

ЖылХалық саны
200953 231
200357 000
199959 409
198972 927
197958 003
197042 116
195928 806

2009 жылғы Қырғызстанның халық санағы деректері бойынша: қырғыздар — 24911 адам немесе 46,8 %, орыстар — 10913 адам немесе 20,5%, Дүнгендер — 8790 адам (16,5%), өзбектер — 4556 адам немесе 8,6 %, сондай-ақ, татарлар, ұйғырлар, қазақтар, немістер, украиндар да тұрады[2].

Бауырлас қалалар

Дереккөздер

Сілтемелер