Автомобиль нөмірлері

Автомобиль нөмiріавтокөлiк құралын мемлекеттік тіркеуге алғанда берілетін - нөмір белгісі. Ол әдетте көліктің алдыңғы және артқы жағында металл немесе пластмассадан жасалған жарық қайтаратын тақтайшада бейнеленеді. Сондай-ақ қағаз түрінде көліктің алдыңғы және артқы терезелеріне де қондырылуы мүмкін (көбіне транзитті нөмірлер).

Көбінесе, автомобиль нөмірі көліктің белгілі бір елдің қайсыбір әкімшілік бірлігінде (облыс, қала, аудан) тіркелгенін айшықтап тұрады.

Көптеген мемлекеттерде нөмірлерді орталық тіркеу мекемесі, ал Канада, Аустралия, Германия, Пәкістан және АҚШ-та нөмірлерді жергілікті билік мекемесі үлестіреді.

Тарихы

Нөмір белгілері автомобильдерден бұрынырақ пайда болды. 1893 жылы 14 тамызда Франция Париж полициясының жарлығы бойынша нөмір белгілерін таныстырған алғашқы ел болды[1], оның артынан 1896 жылы Германия да солай істеді[2]. 1898 жылы Нидерланд "жүргізу рұқсаты" деп аталған ұлттық тіркеудегі нөмір белгілерін таныстырған алғашқы ел болды. Бастапқыда бұл нөмірлер жай ғана 1-ден бастап ретпен берілген сандар болды, бірақ кейін 1906 жылы өзгертілді.

Әр штаты өз нөмірлерін басып шығаратын АҚШ-та, Нью-Йорк штаты алғашында 1901 жылы көлігінің арт жағында көлік иесінің аты-жөнінің бірінші әріптері (инициалы) көрінетіндей болуын талап еткеннен кейін, 1903 жылдан бастап автомобиль нөмірлерін (ақ фондағы қара түсті сандар) талап ете бастады[3]. Бастапқыда көптеген құзіретті орындарда нөмір белгілері үкімет тарапынан шығарылмаған болатын, сол себепті моторлы көлік иелері өздері жасап шығарулары керек болды. 1903 жылы Массачусетс нөмір белгілерін шығарған алғашқы штат болды.

Құрама Патшалықта нөмір белгілері алғаш рет 1904 жылдың 1 қаңтарынан бастап автомобиль акты (Motor Car Act) бойынша талап етіле бастады[4].

Қазақстанның автомобиль нөмірлері

Көлік құралы иесі жеке тұлға болғанда, берілетін нөмір. «A» — Алматы. «P» әрпіне аяқталатын соңғы сериялардың бірі
Көлік құралы иесі жеке тұлға болғанда, берілетін нөмір. «Е» — Атырау облысы
Көлік құралы иесі жеке тұлға болғанда, берілетін нөмір. «H» — Жамбыл облысы
Көлік құралы иесі заңды тұлға болғанда, берілетін нөмір. «X» - Түркістан облысы.
Көлік құралы иесі заңды тұлға болғанда, берілетін нөмір. «Z» - Астана

Қазақстан автомобиль нөмірлерінің кестесі

1993 жылғы жүйе

Аймақ кодыАймақ
AАлматы
BАлматы облысы
CАқмола облысы
DАқтөбе облысы
EАтырау облысы
FШығыс Қазақстан облысы
HЖамбыл облысы
KҚарағанды облысы (бұрынғы Жезқазған облысы қазіргі кезде берілмейді)
LБатыс Қазақстан облысы
MҚарағанды облысы
NҚызылорда облысы
OАқмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы (бұрынғы Көкшетау облысы, қазіргі кезде берілмейді)
PҚостанай облысы
RМаңғыстау облысы
SПавлодар облысы
TСолтүстік Қазақстан облысы
UШығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы, қазіргі кезде берілмейді)
VАлматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы, қазіргі кезде берілмейді)
WАқмола облысы, Қостанай облысы (бұрынғы Торғай облысы, қазіргі кезде берілмейді)
XТүркістан облысы
ZАстана

2012 жылғы жүйе

Аймақ кодыАймақ
01Астана
02Алматы
03Ақмола облысы
04Ақтөбе облысы
05Алматы облысы
06Атырау облысы
07Батыс Қазақстан облысы
08Жамбыл облысы
09Қарағанды облысы
10Қостанай облысы
11Қызылорда облысы
12Маңғыстау облысы
13Түркістан облысы
14Павлодар облысы
15Солтүстік Қазақстан облысы
16Шығыс Қазақстан облысы
17Шымкент
18Абай облысы
19Жетісу облысы
20Ұлытау облысы

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер