Траволатор

Траволаторжолаушыларға арналған конвейер.

Шаңғы тебу орталығында

Оны кейде қозғалатын тротуар деп те атайды. Конструкциялық жағынан тегіс болып келетін эскалаторға сай.

Ол ірі аэропорттарда, вокзалдарда, сауда кешендерінде немесе көрмелерде жүргіншілердің қозғалысын жеңілдету үшін қолданылады.

Көбінесе траволатор жүйесі қарама-қарсы бағытпен қозғалатын қатарынан қойылған екі жолдан тұрады.

Тарихы

Алғашқы траволатор 1893 жылы Американың Иллинойс штатында өткен көрме кезінде таныстырылды.

Бірнеше жылдан кейін Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде «Болашақ көшесі» деп аталатын қозғалмалы тротуар істеді. Ол 3,5 шақырымға созылған еді, және оның 9 аялдамасы болған. Виадуктың үстінде орналасқан бұл «көше» үш платформадан тұрған: біреуі қозғалмайтын, екіншісі 4,2 шақырым/сағат жылдамдықпен қозғалды, үшіншінің жылдамдығы 8,5 шақырым/сағат болды.[1]

Алғашқы коммерциялық траволатор 1954 жылы АҚШ-та, Нью-Джерсидегі станцияда істей бастады. Goodyear компаниясы жасаған нысанның ұзындығы 84,5 метр болды.[2]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм