Иллинойс

Иллинойс (ағылш. Illinois, /ˌɪlɨˈnɔɪ/) (қаз. оқылуы Илиной) — Америка Құрама Штаттарының орталық батысындағы штат. Алып жатқан аумағы бойынша 25 орында - 149 998 км², тұрғындар саны бойынша 5 орында. АҚШ Халық санағының бюросының ақпаратары бойынша, 2011 жылы халық саны 12 869 257 адамға жетеді. Штат астанасы - Спрингфилд, ең ірі қаласы - Чикаго, қалған ірі қалалар - Аврора, Рокфорд, Джолит.

АҚШ штаты

Иллинойс
ағылш. State of Illinois

Иллинойс туыИллинойс мөрі
Иллинойс туыИллинойс мөрі
АҚШ картасындағы Иллинойс штаты

Штат ұраны

Штаттың егемендігі, халық бірлестігі

ағылш. State sovereignty, national union

Штат лақапаты

Линкольн жері (Land of Lincoln); Прерия Штаты (The Prairie State)

Астанасы

Спрингфилд

Ең ірі қаласы

Чикаго

Тұрғыны

12,869,257 млн (2011 жыл)
5-ші орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
89.4 адам/км²

Ауданы

- барлығы
149,998 км²
- су беті
5,981 км² (4.0/Negligible %)
- ендік
36° 58′ с. е. бойынша 42° 30′ с. е., 340 км
- бойлық87° 30′ б. б. бойынша 91° 31′ б. б., 629 км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігіЧарльз Моунд 376.4[1] м
- орташа биіктігі180 м
- минимал биіктігі
85 м

Губернаторы

Pat Quinn (дем. партия)

Вице-губернаторы

Sheila Simon (дем. партия)

Заң шығару органы

Генералды Ассамблея
- жоғарғы палатасыСенат
- төменгі палатасыӨкілдер палатасы

Сенат мүшелері

Дик Дурбин (дем. партия)
Марк Кёрк (рес. партия)

Уақыт белдеуі

UTC−6,
жазда UTC−5

Ресми сайты:

www.illinois.gov


Атауы

Иллинойс - француздық католиктік миссионерлер мен зерттеушілер Иллинойстың таза американдықтарына берген атауының қазіргі жазылымы. Бұл атау бұрынғы жазбаларда әртүрлі жазылған[2].

Символикасы

Туы мен таңбасы

Қазіргі Иллинойс туында 181 жылы АҚШ-тың үлкен таңбасы қарап жасалған Иллинойс таңбасы бейнеленген.

Географиясы

Карталар

Шекарасы

Көрші штаттар
Солтүстік-батыс:
Айова
Солтүстік:
Висконсин
Солтүстік-шығыс:
Мичиган көлі
Батыс:

Айова,  Миссури
Шығыс:
Вайоминг
Оңтүстік-батыс
Индиана
Оңтүстік:
Кентукки
Оңтүстік-шығыс:
Кентукки

Әкімшілік бөлінісі

Иллинойстың 102 административті округінің картасы

Административті Иллинойс 102 округке (ағылш. counties) бөлінеді. Оның 85-і тауншипке бөлінеді. Жалғыз ерекше бірде-бір тауншипке кірмейтін қала - Чикаго қаласы. Басқа 17 округ 261 арнайы ауданға (ағылш. precincts) бөлінеді[3]. Муниципалиттер болып қалалар (ағылш. towns), ауылдар (ағылш. villages), біріккен қалалар (ағылш. incorporated towns) саналады.

Заңмен орнатылған қаланың ең кіші халқы – 2500 адам. Ауыл үшін бұл сан округтің аумағына және басқа да критерияларға байланысты. Ең аз дегенде 25000 адам тұратын қала автоматты түрде өзін-өзі басқаруға (ағылш. home-rule) құқық алады[4].

Экономикасы

Инвестициялар

2016 жылы венчурлы капиталисттер АҚШ экономикасына жалпы есеппен 62 миллиард доллар құйды. Осы сомма ішінен 1,1 миллиард доллар Иллинойсқа құйылды. Тура солай 2016 жылы федералды үкімет 461 миллиард доллар АҚШ-тағы контракттарға құртты. Бұл соммадан Иллинойстағы компаниялар шамамен 8,7 миллиард алды[5].

Энергия

Атомдық энергия

Иллинойстағы энергетика тарихы 1942 жылы Энрико Фермидың бастауымен Чикаго университетінде Чикаго Пайл-1-де, өздігінен шынжырлы реакция жасай алатын бірінші ядерлы реактордың жасалғанын басталды. 2006 жылы жағдайда Иллинойста барлығы 6 атом электростанциясы бар. Егер бір реакторлы «Клинтон» станциясын санамаса, олардың әрқайсында екі реактор орналасқан[6]. Қазір Иллинойс АҚШ-тың жалпы атомдық энергиясының 12%-ын өндіреді, бұл кез келген штаттан көбірек[7].

Мұнай

Иллинойс орта батыс аумағында мұнай өңдеуші штат болып саналады. Штатта күніне шамамен 900000 баррель шикі мұнайды айдау бойынша жиынтық өнімділігі бар. Бірақ Иллинойста мұнай өте аз, АҚШ-та дәлелденген мұнай қорының 1% азырақ. Штаттың ішкі жылыту жүйесінің 81% Табиғи газды қолданады және 1% азырағы ғана мұнайды қолданады. 2005 жылғы жағдайда 28 000 баррель (4 500 м3) көлемінде мұнай күніне қазып, Иллинойс штаттардың арасында мұнай қазу бойынша 14 орын алады[8][9][10].

Қылмыстық

Иллинойс штатындағы қылмыстық құқық бұзушылық класс деп аталатын 6 санатқа бөлінеді. 4 класстық қылмыс ең жеңіл болып саналады. Одан кейін 3, 2 және 1 ілеседі. 5 класс X класс деп аталады және 6 классқа жататын аса ауыр қылмысты, бірінші дәрежелі кісі өлтіруді санамаса ол ең ауыр қылмыс болып саналады. Иллинойс өлім жазасын жазалар тізімнен алып тастаған 16 штат болды, бірақ ода қылмыстық құқық бұзушылық үшін өмір бойға бас бостандық алынуы мүмкін.

Спорт

Иллинойстағы шамамен барлық жоғарғы лигадағы спорттік командалар Чикагода орналасқан. Олардың ішінде:

Соған қоса штатта көптеген Чикагода және одан басқа қалаларда кіші деңгейлік командалар бар. Иллинойстың автобандарында NASCAR[11], Champ car және Indycar[12] ұйымдастырған автоколік жарыстары өткен.

Штатпен байланысты әйгілі адамдар

АҚШ президенттері

Авраам Линкольн — АҚШ-тың 16 президенті (1861-1865). Кентуккида туылған, Иллинойсқа 21 жасында көшіп келген. Иллинойстың генералды ассамблеясының өкілі және Иллинойстың жетінші округінен өкілдер палатасының мүшесі болған[13].

Улисс Грант — АҚШ-тың 18 президенті(1869-1877). Огайода туылып, әскер болған, бірақ Азаматтық соғыстың алдында Иллинойсқа көшіп, осы штаттан президенттікке үміткер болды[14].

Рональд Рейган — АҚШ-тың 40 президенті. Иллинойста туылған жалғыз президент[15]. Саяси мансабын Калифорнияда бастап сол штаттың губернаторы атанып, президенттікке үміткер болған.

Барак Обама — АҚШ-тың 44 президенті. Гавайи штатында туылған. Кейін Иллинойс штатына көшіп келіп, сол жерден президенттік сайлауға үміткер болған[16].

Басқада саясаткерлер

Хиллари Клинтон - Чикагоның маңыңда туып өсті[17]. Ол жалпы халықтық президенттік сайлауда үлкен саяси партияның атынан шыққан алғашқы әйел болды. Клинтон Нью-Йорк штатынан үміткер болған.

Дереккөздер