Тьыт

Тьыт (тит) — Вьетнамдағы (Биньчитхиен провинциясы) 6,5 мың адамнан тұратын этникалық қауымдастықтар тобы.[1][2]

Тьыт
Бүкіл халықтың саны

6 500

Ең көп таралған аймақтар

 Вьетнам

Тілдері

тьыт тілі

Діні

дәстүрлі наным-сенімдер

Тілі

Тілі - аустроазия отбасының вьет-муонг тобының тілі.

Діні

Діни ұстанымы: дәстүрлі наным-сенімдерді сақтау (ата-баба культі, анимизм).

Этнонимі

Титтер ежелгі Вьетнамның оқшауланған топтарының ұрпақтары деп саналады. Тит ежелгі аустроазиялық субстраттың көптеген ерекшеліктерін сақтайды.

Кәсібі

1950 жылдардың соңына дейін титтердің негізгі кәсібі арбалетпен және улы жебемен аң аулау, бұлақтарда қарапайым балық аулау және терушілік болды. Кейде тас құралдар пайдаланылды. XX ғасырдың ортасынан бастап олар егін шаруашылығына (күріш, жүгері, таро, тәтті картоп, темекі) көшіп, құс өсіруді бастады.[3]

Өмір салты

Титтерде ақсақалдар басқаратын шағын қауымдастықтар болды. Отбасы шағын, туыстық есеп патрилинейлік. Неке неолокалдық.

Тит халықтарының дәстүрлі баспаналары лашықтар немесе тау баурайындағы үңгірлер.

Ерлердің дәстүрлі киімі – денені орайтын мата, әйелдердікі – тігілмеген белдемше. Қазіргі кезде вьетнамдықтарға жақын заманауи киімдер киеді.

Негізгі тағам - саго пальма ұны және ұсақ маймылдардың еті.[3]

Дереккөздер