Уикипедия:Ережелер тізімі

Лақап:
УП:ЕРТ

Бұл тізімге Уикипедияның қазақша тарауындағы жалпы қабылданған ережелердің қысқаша мазмұны қамтылады. Барлық ережелерді төмендегідей типтерге ажыратуға болады:

Қатысушылардың тәртібі: Уикипедияны тартымды ету үшін өзіңді қалай ұстау керек.

Мазмұны және стилі: Уикипедиядағы мақалалар сапа стандарттарына сай болу үшін қандай болуы қажет.

Ережелерді сақтау: Уикипедияда талас немесе кикілжің туған кезде оларды қалай шешеді.

Мақалаларды жою: Уикипедияға енгізілген келеңсіз мақалалар жайында.

Құқықтық негіздер: ешбір заңнамаға қайшы келмейтін мақалалар қандай болуы қажет және ерікті мен еріксіз қиянат дегеніміз нені білдіреді.

Ережелер

Негізгілері

Қатысушылардың тәртібі

Тіл тигізу, қатер және агрессияны болдырмау
Қандай жағдай болмасын Уикипедияның басқа қатысушыларының жеке басына қатысты орынсыз айыптауларға жол бермеңіз, жеке басын кемсітетін сөздерді қолданбаңыз. Өзге қатысушының Уикипедиядан тыс іс-әрекеттерін талқыға салмаңыз. Қатысушының өзін емес, оның өңдеуін талқыға салыңыз.
Вандализм
Вандализм — энциклопедияның дұрыстығы мен беделіне нұқсан келтіру мақсатында қасақана жасалынған, мақала мазмұнын өзгерту, өшіру яки үлестіру секілді зиянкестік. Мұндай енгізулер Уикипедияда жедел түрде жойылуы және бұрынғы қалпына қайтарылуы қажет.
Көпжүзділік
Басқаларды адастыру немесе бұғатталудан қашқақтау мақсатында сізді қолдайтындардың көптігі жайлы түсінік қалыптастыру үшін бірнеше қатысушы акаунттарын қолданбаңыз. Сізді немесе тағы да біреуді қолдау үшін достарыңыздан аккаунт тіркетуін өтінбеңіз.
Сыпайылық
Уикипедия қатысушылары бір-бірімен сыпайы және құрметпен қатынаста болуы тиіс. Бұл ережеден бас тарту Уикипедия жұиысын тұрақсыздандыру апарып соғуы мүмкін. Шыдамды, бір ізді және жүйелі жұмыс жасаңыз. Түйіні шешілуі қиын дауларда арағайындыққа жүгініңіз.

Мазмұны және стилі

Бейтарап көзқарас
Уикипедияда қатысушылар мақала жазуда барлық мүмкін болатын көзқарастарды қарастырып, оны пропорциялы түрде және бұрмаламастан баяндап, бейтарап көзқарасты ұстанады.
Мақалалардың аталуы
Ережеге сәйкес мақалалар атауын бергенде қазақтілді оқырмандар үшін ұғынықты, түсінікті болатындай атауға басымдық берген жөн. Сондай-ақ мұндай мақалаларға жасалатын сілтемелер қарапайым болуы қажет.
Тексерілуі
Мақаладағы күмән туғызатын дәйексөздер және басқа да мәліметтің дереккөздері сілтеме ретінде көрсетілуі тиіс.
Сенімді дереккөздер
Уикипедиядағы мақалалар бұрын жарияланымда болған беделді дереккөздерге негізделе отрып жазылуы тиіс.
Өзіндік зерттеулерге жол берілмеуі
Уикипедиядағы шағын мақала немесе мақала – шығарма емес, мазмұндама. Әрбір пікірдің беделді дереккөзі болуы қажет.
Беттерді қорғау ережелері
Уикипедия админдерінің мақалаларды мақала мәтіні бәріне бірдей көрінетіндей, бірақ оны тек админ немесе тіркелген қатысушылар ғана өңдей алатындай етіп өңдеуден қорғауға мүмкіндігі бар. Админдер сондай-ақ мақала атауын өзгертуден қорғап, беттерді қайта басудан, суреттерді қайта жүктеуден сақтай алады. Алайда бұл мүмкіндіктерді админдер тек кей жағдайларда ғана қолдануы мүмкін.
Мақаланың мөлшері
Өте көлемді мақалаларды оның мазмұнына, байланысуына және бейтарап көзқараста баяндалуына нұқсан келтірмейтіндей екі немесе одан да көп шағын мақалаларға бөлген жөн.

Ережелерді сақтау

Консенсус
Уикипедия сыпайы талқылау мен келіссөздер арқылы келісімге келу жолымен жұмыс жасайды. Егер біз қандай да бір сауал бойынша үнемі белгілі бір келісімнің болатынын анықтасақ, аталған қағидаларды қайта талқылауға кеткен уақытты үнемдеу мақсатында оны ережелер мен нұсқаулықтар ретінде жазамыз.
Бұғаттау ережелері
Уикипедия қатысушылары энциклопедияның сақталуын және дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында энциклопедияны редакциялауға қатыстырылмауы мүмкін.
Ашық прокси-серверлерді қолдануға жол бермеу
Қатысушыларға ашық және анонимді прокси-серверлерді қолдана отырып Уикимедиа қорының жобаларын редакциялауға тиым салынады. Прокси-сервер ойластырылған немесе кездейсоқ баптаулардың нәтижесінде, немесе хакерлердің прокси-сервер өзгертуі салдарынан ашық қалуы мүмкін. Ашық немесе анонимді прокси-серверлерді қолдану арқылы қор жобаларын оқуға ешқандай шектеулер қарастырылмаған.

Мақалаларды жою

Уикипедия ережелерін бұзу немесе талқылау қорытындысы бойынша керексіз деп табылған кей беттер жойылуы мүмкін. Қалыптасқан тәжірибе бойынша ережелерді бұзу жедел түрде (талқылаусыз) жойылады, ал ережелердің бұзылуы себебінен қажетсіз деп табылған мақала бір немесе бірнеше қатысушы талқылауына түсуіне себеп болып, қауымдастық бірауыздан шешім қабылдаса жойылуы мүмкін (кей қатысушылардың пікірі мұндай шешім қабылдауда аздық ететіндіктен мақаланы жою туралы өтініш қабылданбауы мүмкін, бұл жағдай жиі кездеседі).

Құқықтық негіздер

Авторлық құқықтар
Уикипедиядағы мәліметтер қолдануға ашық болып табылады, сондай-ақ кез келген адамның оларға өзгерістер енгізуге мүмкіндігі бар. Уикипедиядағы барлық мәтіндерге CC-BY-SA (Creative Commons Attribution-ShareAlike License нұсқасы 3.0) лицензиясы бойынша қолжеткізуге болады; мәтіндердің көп бөлігі сондай-ақ GFDL (GNU Free Documentation License) лицензиясы бойынша қолжетімді, ал кейбір үзінділер қоғам игілігіне жатады. Уикипедияда авторлық құқыққа нұқсан келтіретін материалдарды немесе лицензияланған лицензия аясындағы Уикипедия қағидаларына сәйкес келмейтін жұмыстарды жарияламаңыз.

  • Уикипедияны өз қорқынышыңыз бен тәуекеліңіз бойынша қолданасыз
  • Уикипедия медициналық кеңестер бермейді
  • Уикипедия құқықтық кеңестер бермейді
  • Уикипедия заңдық кеңестер бермейді
  • Уикипедия мазмұны сіздің қарсылығыңызды тудыруы мүмкін
  • Соттық арыз-шағымдармен сес көрсетпеңіз