Франсиско Миранда

Себастьян Франсиско де Миранда-и-Родригес (ис. Sebastián Francisco de Miranda y Rodríguez; 28. 3. 1750, Каракас,— 14. 7. 1816, Кадис) — венесуэла патриоты, Америкадағы испан отарының тәуелсіздігі жолындағы күрес басшыларының бірі. Испан өкіметінің қуғынына ұшырап, 1783 жылы Солтүстік Америкаға қашып барды. 1810 жылы Венесуэлаға оралып, азаттық күресін басқарды. 1812 жылы Венесуэла конгресі оны Венесуэла республикасының генералиссимусы етіп тағайындады. Сол жылы июльде республика армиясы жеңіліске ұшырады. Франсиско испан өкіметінің қолына түсіп, Испанияға жер аударылды да, сонда өлді.[1]

Франсиско Миранда
ис. Sebastián Francisco de Miranda y Rodríguez
Франсиско Миранда
Лауазымы
Ту
Ту
Венесуэла президенті
Өмірбаяны
ӘкесіСебастья́н де Мира́нда Равело
АнасыФранси́ска-Антония Родригес де Эспиноcа

Дереккөздер