Франсуа Миттеран

Миттеран Франсуа (26.10.1916, Франция, Жарнак қаласы – 8.1.1996, сонда) – саяси қайраткер, Франция президенті (1981 – 95).

Франсуа Морис Адриан Мари Миттеран
François Maurice Adrien Marie Mitterrand
Франсуа Миттеран
Лауазымы
Ту
Ту
Франция президенті
Ту
Ту
21 мамыр 1981 жылы — 17 мамыр 1995 жылы
ІзашарыВалери Жискар д’Эстен
ІзбасарыЖак Ширак
Ту
Ту
Андорра князі
Ту
Ту
21 мамыр 1981 жылы — 17 мамыр 1995 жылы
ІзашарыВалери Жискар д’Эстен
ІзбасарыЖак Ширак
Ту
Ту
Франция партиясының орынбасары
Ту
Ту
16 маусым 1971 жылы — 24 қаңтар 1981 жылы
ІзашарыАлен Савари
ІзбасарыЛионель Жоспен
Ту
Ту
Франция министры
31 қаңтар 1956 — 12 маусым 1957
ІзашарыЛеон Мартино-Депла
ІзбасарыБуржес Монури, Морис
Өмірбаяны
ПартиясыФранция социалистік партиясы
Дүниеге келуі26 қазан 1916 (1916-10-26)
Франция
Қайтыс болуы8 қаңтар 1996 (1996-01-08) (79 жас)
Франция
ЖұбайыДаниэль Миттеран (1924-2011)
Балаларыұлдары Паскаль (1945; сәби кезінде қайтыс болды), Жан Кристоф (1946)және Жильбер (1949)
ҚолтаңбасыҚолтаңбасы

Париж университетін бітіріп, журналист, адвокат қызметтерін атқарған. 2-дүниежүзілік соғыста француз қарсыласушылар қозғалысына қатысты. 1946 жылы парламент мүшесі болып, 1947 – 58 жылдары Франция үкіметінің құрамында әр түрлі дәрежедегі қызметтер атқарды: 1954 – 55 жылдары Ішкі істер, 1956 – 57 жылы. Әділет министрі болды. 1958 жылы Шарл де Голль 5-республиканы құрмақ болғанда алғаш рет Миттеран Франсуа оппозициялық топ ұйымдастырды. 1959 – 62 жылы сенатор, 1953 – 65 жылдары Демократиялық және социалисттік қарсыласу одағы партиясын, 1965 – 68 жылдары Демократиялық және социялдық солшыл күштер федерациясын басқарды. Миттеран Франсуа – француз соц. партиясының негізін салушы, 1971 – 82 ж. оның бірінші хатшысы болды. 1981 және 1988 ж. екі рет Президент болып сайланды. Миттеран Франсуа Франция тарихындағы социалистерден шыққан тұңғыш президент. Ол Еуропа Одақты (ЕО) қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Социялдық жүйеден бас тартқан Орталық және Шығыс Еуропа елдерін (Польша, Чехия, Венгрия, т.б.) ЕО-ға тартуды жақтады. 1991 ж. КСРО тарағаннан кейін құрылған ТМД елдерімен (соның ішінде Қазақстанмен) тығыз дипломат. байланыс орнатты. Миттеран Франсуа көзі тірісінде “тарихтың ағымын түзеген мемлекет қайраткері” атанды. Миттеран Франсуа жетекші еуразиялық елдер басшыларынан алғашқылардың бірі болып 1993 жылы Қазақстан Республикасына келді.

Сілтемелер