Фред (футболшы, 1993)

Фредерико Родригес де Паула Сантос (порт. Frederico Rodrigues de Paula Santos; 5 наурыз 1993 жыл, Белу-Оризонти, Бразилия) — бразилиялық футболшы, Бразилия Ұлттық футбол құрамасы мен "Манчестер Юнайтед" клубының жартылай қорғаушысы.

Фред Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Фредерико Родригес де Паула Сантос[1]

Туған күні

5 наурыз 1993 (1993-03-05) (31 жас)

Азаматтығы

Бразилия

Бойы

169

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Манчестер Юнайтед

Номері

17

Клуб карьерасы[* 1]
2012—2013Бразилия Интернасьонал33 (7)
2013—2018Украина Шахтёр (Донецк)101 (10)
2018—Англия Манчестер Юнайтед18 (1)
Ұлттық құрамы[* 2]
2014— Бразилия11 (0)

Карьерасы

2015 жылы Америка кубогына, 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Бразилияның "Атлетико Минейро", "Порту Алегри", "Интернасьонал" клубтарының мектебінен өткен. Кәсіби карьерасын 2012 жылы "Интернасьоналда" бастады.

2013 жылы Донецкінің "Шахтер" клубына ауысып, бес маусым ойнады. Үш дүркін Украинаның чемпионы атанды.

2015 жылы тиым салынған препарат пайдаланғаны үшін екі жыл футболдан шеттетілді, алайда кейін бірнеше рет тиісті орындарға шағымданып жүріп бір жылға қысқартты.

2018 жылы 5 шілдеде "Манчестер Юнайтедпен" бес жылдық келісім шарт жасасты.

Жетістіктері

«Интернасьонал»
  • Риу-Гранди-ду-Сул штатының чемпионы (2): 2012, 2013
«Шахтёр» (Донецк)
  • Украина чемпионы (3): 2013/14, 2016/17, 2017/18
  • Украина чемпионатының күміс жүлдегері (2): 2014/15, 2015/16
  • Украина кубогы (3): 2015/16, 2016/17, 2017/18
  • Украина суперкубогы (4): 2013, 2014, 2015, 2017

Дереккөздер

Сілтемелер