Бразилия Ұлттық футбол құрамасы


Футболдан Бразилия Ұлттық құрамасы (порт. Seleção Brasileira de Futebol) — Бразилияны халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынады. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы футболдан Бразилия конфедерациясының қол астында бақылауда болады. 1923 жылдан бастап ФИФА мүшесі болып келеді, сонымен қатар 1916 жылдан бастап КОНМЕБОЛ мүшесі болып табылады.

Бразилия Ұлттық футбол құрамасы
Лақап аты

Seleção (Таңдаулы), Pentacampeone (Бес дүркін чемпиондар)

Конфедерация

КОНМЕБОЛ

Федерация

Футболдан Бразилия конфедерациясы

Бас бапкері

Бразилия Тите

Капитаны

Даниэл Алвес

Ең көп
ойын саны

Кафу (142)

Үздік
бомбардир

Пеле (77)

ФИФА рейтингі

2 (15. 02. 2018)

ФИФА коды

BRA

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Аргентина Аргентина 3 — 0 Бразилия Бразилия
(Буэнос-Айрес, Аргентина; 20 тамыз, 1914 жыл)

Бразилия Бразилия 14 - 0 Никарагуа Никарагуа
(Мехико, Бразилия; 17 қазан, 1975 жыл)

Уругвай Уругвай 6 - 0 Бразилия Бразилия
(Винья-дель-Мар, Чили; 18 қыркүйек, 1920 жыл)
Германия Германия 7 - 1 Бразилия Бразилия
(Белу-Оризонти, Бразилия; 8 шілде, 2014 жыл)

Қатысу

19 (бірінші 1930)

Жетістіктері

Чемпиондар, 1958, 1962, 1970, 1994, 2002

Футболдан Америка кубогы
Қатысу

31 (бірінші 1916)

Жетістіктері

Чемпиондар, 1919, 1922, 1949, 1989, 1997, 1999, 2004, 2007

Тарихы

Ең алғашқы жолдастық кездесуін 1914 жылы Англияның "Эксетер Сити" клубтық командасына қарсы өткізіп, 2:0 есебімен ұтқан (бірақ кей мәліметтерде бұл матч 3:3 есебімен тең аяқталған деп те көрсетіледі).

Әлем чемпионаты

1930, 1934 жылғы Әлем Чемионаттарында ұлттық құрама алғашқы кезеңнен аса алмаған. Тек, 1938 жылы Францияда өткізілген әлемдік додада алғашқы тырнақ алды дүниежүзілік жүлдесін иемденді. Қола медалді олжалады. Осы чемпионатта құрама шабуылшысы — Леонидас Әлем Чемпионаттары тарихында тұңғыш покер (бір матчта төрт гол) соққан футболшы ретінде тарих беттерінде қатталды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы Әлем Чемпионаты 1950 жылы Бразилияда өткізілді. Екінші топтық турнирдің шешуші матчында Бразилия құрамасы Уругваймен күш сынасты. Тең түссе болды, чемпион атанатын алаң иелері мүмкіндікті қолдан жіберіп алды. 47 минутта Фриаса бразилиялықтарды алға шығарғанымен, 68 минутта Скяффино есепті теңестірді. Ал, ойын бітуге 10 минут қалғанда Альсидес Хиггия шешуші голды соқты да, Уругвай екінші рет Әлемдік додада топ жарды. Бұл матч Бразилия футболы тарихында "Мараканасо" ("Маракана қасіреті") деген атпен ең қаралы матч ретінде есте қалды.

Бірақ, Бразилия құрамасының алар асулары әлі алда еді. 1958 жылы Швецияда өткен VI Әлем Чемпионатында Пеле, Гарринча, Диди, Вава секілді жұлдыздар құраманы сонау шырқау биікке бір-ақ көтерді. Команданы аңызға айналған бапкер Висенте Феола бастап барды. Құрама тұңғыш рет Әлем Чемпионы атанды. 4-4-2 жүесімен орналасуды да осы додаға бразилиялықтар бірінші болып қолданды. Бұл — Әлемдік футболдың жаңа кезеңінің басталу шағы еді.

1962 жылы Чилиде өткен чемпионатқа құраманы Айморе Морейра бастап барды. Бұл жолы команда 4-4-3 жүйесімен ойын көрсетіп, айласын асырып кетті. Футбол королі Пеле тек бірінші ойында ғана командасына жәрдем берді де, қалған кездесулерде жарақатына орай алаңға шыға алмады. Бұл жоғалту құраманың екінші рет чемпион атануына кедергі болмады.

1966 жылы Англияда өткен бәсекеде құрама топтық турнирден аса алмады. Пеле бұл жолы да жарақатына орай дұрыстап өнер көрсете алған жоқ. Бірақ 1970 жылы Мексикада өткен Әлем Чемпионатында "Селесауларға" тең келетін құрама табылмады. Чемпионат басталуға аз ғана қалғанда құрама тізгінін ұстаған Марио Загало құрамадағы Пеле, Жаирзиньо, Жерсон, Тостао, Карлос Альберто секілді теңдессіз футболшыларды орнымен пайдалана білді. Нәтижесінде құрама үшінші рет әлм футболының шыңына шықты.

Келесі чемпиондықты аттай 24 жыл күтуге тура келді. 1974-1990 жылдар аралығында тек бір рет қана, 1978 жылы қола жүлдеге ие болды. Бұл аралықта құраманың намысын қорғаған Зико, Сократес, Фалькао, Эдер, Мюллер, Карека секілді футболшыларға алтын кубокты иемдену бұйырмапты. 1994 жылы АҚШ-та өткен "Соккер-шоуда" құраманы Карлос Альберто Парейра баптады. Ептеп прагматиктеу ойын көрсеткен құрама ешкімнен де жеңілмеді. Финалда өздерінің тарихи басты бәсекелестері — Италия құрамасын пенальти арқылы жеңіп, алтын жүлдені төртінші рет олжалады.

Арада төрт жыл өткен соң да құрама жақсы ойнады, тек финалда алаң иелері — Франциядан ірі есеппен (0:3) ұтылды да, күміс жүлдені қанағат тұтты. 2002 жылы Азия елдерінде өткен бәсеке бразилиялықтар үшін сәтті болды. Жеті матчтың жетеуінде де жеңіске жетіп, бесінші рет Әлем Чемпионы атанды.

2006, 2010 жылдарғы Әлем Чемпионаттарында құрама ширек финалдан аса алмады. 2014 жылғы әлемдік бәсеке тағы да Бразилияда өтті. Тілеулестері тек чемпиондықты күткен бұл додада Бразилия жартылай финалға ғана жетті. Германия құрамасынан 1:7 есебімен ұтылып, айдай әлемге шерменде болды. Үшінші орын үшін өткен матчта да Голландияға жол беріп (0:3), бас бапкер Луиз Фелипе Сколари орнынан алынды.

Басқа да турнирлер

Құрама Америка кубогында тоғыз рет топ жарды. Бұл Аргентина мен Уругвайдан кейінгі үшінші көрсеткіш. Бұл турнирде де дағдарысқа ұшыраған кезеңдері болған. 50-60-70 жылдары Пеленің дәуірінде бір рет те құрлықтық турнирде топ жармапты. 1949-1989 жылдар аралығында құрама Америка чемпионы атана алмаған.

Конфедерациялар кубогында ең көп чемпион атанған құрама. 2005-2009-2013 жылдары қатарынан үш турнирде топ жарды. Сондай-ақ, 1997 жылы да чемпион атанған.

Жетістіктері

Рекордшылар

2016 жылғы 11 қарашадағы жағдай

Көп матч өткізгендер

Аты-жөніКарьераМатчГол
1Кафу1989 — 20061425
2Роберто Карлос1992 — 200612511
3Лусио2000 — 20111054
4Клаудио Таффарел1987 — 1998104-70
5Робиньо2003—20119929
6-7Роналдо1994 — 20119862
6-7Джалма Сантос1952 — 1968983
8Роналдиньо1999 — 20139733
9-10Алдаир1989—2000944
9-10Жилмар1958—196994-98
11Жилберто Силва2001 — 2008933
12-13Роберто Ривелино1965 — 19789226
12-13Пеле1957—19719277
14Дунга1982—1998916
15Кака2002—20139029
16-17Дида1995—200687-65
16-17Жулио Сезар2004—201487-68

Мергендер

Аты-жөніКарьераГолМатч
1Пеле1957 — 19717792
2Роналдо1994 — 20116298
3Ромарио1987 — 20055570
4Неймар2010 —5074
5Зико1976 — 19894871
6Бебето1985—19983975
7Леонидас да Силва1932—19463737
8Тостао1966—19723565
9Ривалдо1993—20033474
10Жаирзиньо1964—19823381
11Роналдиньо1999—20133397
12Адемир1945—19533239
13Зизиньо1942-19573154
14Адриано Лейте Рибейро2000—20092951
15Карека1982—19932963
16Кака2002—20132990
17Робиньо2003—20142999
18Луис Фабиано2003—20132846

Әлем чемпионаттарында гол соққан футболшылар

ОйыншыГол193019341938195019541958196219661970197419781982198619901994199820022006201020142018
Роналдо15483
Пеле126114
Жаирзиньо972
Вава954
Адемир88
Леонидас817
Ривалдо835
Карека752
Бебето633
Роберто Ривелино633
Гарринча541
Неймар541
Ромарио55
Зико514
Чико44
Сократес422
Амарилдо33
Бальтазар321
Сезар Сампайо33
Диди321
Дирсеу33
Фалькао33
Луис Фабиано33
Жозе Перасио33
Прегиньо33
Роберто Динамит33
Ромеу33
Тостао312
Адриано22
Давид Луис22
Эдер22
Элано22
Фред211
Жаир22
Жозимар22
Жулиньо22
Жозе Альтафини22
Филиппе Коутиньо22
Модерато22
Мюллер22
Нелиньо22
Оскар (1991)22
Пинга22
Робиньо22
Роналдиньо22
Сержиньо22
Тиаго Силва211
Марио Загалло211
Зизиньо22
Алфредо11
Бранко11
Карлос Алберто11
Клодоалдо11
Джалма Сантос11
Эдиньо11
Эдмилсон11
Фернандиньо11
Албино Фриаса11
Жерсон11
Жилберту Силва11
Жуан Жезус11
Жуниньо Пернамбукано11
Жуниор11
Женилсон11
Кака11
Майкон11
Манека11
Марсио Сантос11
Нилтон Сантос11
Оскар (1954)11
Паулиньо11
Раи11
Рейнальдо11
Рилдо11
Роберто11
Роберто Карлос11
Валдомиро11
Зе Роберто11
Зито11
Барлығы2265114228161441961015104111418109115

Құрамы

2021 жылғы Америка кубогындағы құрамы

ФутболшыКлубТуған күні
Қақпашылар
1АлисонЛиверпуль2 қазан 1992
12ВевертонПалмейрас13 желтоқсан 1987
23ЭдерсонМанчестер Сити17 тамыз 1993
Қорғаушылар
2ДанилоЮвентус15 шілде 1991
3Тиагу СилваЧелси22 қыркүйек 1984
4МаркиньосПари Сен-Жермен14 мамыр 1994
6Алекс СандроЮвентус26 қаңтар 1991
13ЭмерсонРеал Бетис14 қаңтар 1999
14Эдер МилитанРеал Мадрид18 қаңтар 1998
16Ренан ЛодиАтлетико Мадрид8 сәуір 1998
22Фелипе (25 маусымға дейін)Атлетико Мадрид16 мамыр 1989
22Лео Ортис (26 маусымнан кейін)Ред Булл Брагантино3 қаңтар 1996
Жартылай қорғаушылар
5КаземироРеал Мадрид23 ақпан 1992
8ФредМанчестер Юнайтед5 наурыз 1993
11Эвертон РибейроФламенго10 сәуір 1989
15ФабиньоЛиверпуль23 қазан 1993
17Лукас ПакетаОлимпик Лион27 тамыз 1997
25Дуглас ЛуисАстон Вилла9 мамыр 1998
Шабуылшылар
7РишарлисонЭвертон10 мамыр 1997
9Габриэл ЖезусМанчестер Сити3 сәуір 1997
10Неймар (к)Пари Сен-Жермен5 ақпан 1992
18Винисиус ЖуниорРеал Мадрид12 шілде 2000
19ЭвертонБенфика (Лиссабон)22 наурыз 1996
20Роберто ФирминоЛиверпуль2 қазан 1991
21Габриэл БарбозаФламенго30 тамыз 1996
Главный тренер
Тите25 мамыр 1961

Дереккөздер