Хо Ши Мин

Хо Ши Мин (шын аты — Нгуен Тат Тхань; бірнеше партиялық лақап аттары болған: Нгуен Ай Куок, Выоң жолдас, Тхау Тин) (19 мамыр 18903 қыркүйек 1969) — Вьетнам ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, 1945-1955 жылдары Солтүстік Вьетнам премьер-министрі және 1945 жылдан қайтыс болғанына дейінгі президенті. Идеологиясы Марксизм-ленинизм болған Хо Ши Мин тағы қазіргі күннің өзінде де билікте тұрған Вьетнам Коммунистік партиясының басшысы да болды.

Хо Ши Мин
вьетн. Hồ Chí Minh
Хо Ши Мин
Хо Ши Миннің портреті, 1946
Лауазымы
Ту
Ту
Вьетнам коммунистік партиясының Төрағасы
Ту
Ту
19 ақпан 1951 жыл — 2 қыркүйек 1969 жыл
Ізашарылауазым ұйымдастырылды
Ізбасарылауазым ыдыратылды
Ту
Ту
Вьетнам коммунистік партиясының тұңғыш Бас Хатшысы
Ту
Ту
1 қараша 1956 — 10 қыркүйек 1960
ІзашарыЧыоң Тинь
ІзбасарыЛе Зуан
Ту
Ту
Вьетнам Демократиялық Республикасының тұңғыш президенті
Ту
Ту
2 қыркүйек 1945 — 2 қыркүйек 1969
Ізашарылауазым ұйымдастырылды (император ретінде Бао Дай)
ІзбасарыТон Дык Тһаң
Ту
Ту
Вьетнам Демократиялық Республикасының тұңғыш премьер-министрі
2 қыркүйек 1945 — 20 қыркүйек 1955
Ізашарылауазым ұйымдастырылды (империяның премьер-министрі ретінде Чан Чоң Ким)
ІзбасарыФам Ван Доң
Ту
Ту
Вьетнам Сыртқы Істер министрі
28 тамыз 1945 — 2 наурыз 1946
ІзашарыТянь Ван Чуоң (Вьетнам империясы)
ІзбасарыНгуен Тың Там
3 қараша 1946 — наурыз 1947
ІзашарыНгуен Тың Там
ІзбасарыҺуаң Минь Зам
Өмірбаяны
ПартиясыЖұмысшы Интернационалының Француз секциясы (1919–1921)
Француз Коммунистік партиясы (1921–1925)
Вьетнам еңбекшілер партиясы (1925–1969)
БіліміШығыстың Еңбекшілері Коммунистік университеті, Мәскеу, КСРО
Мамандығысаясаткер • төңкерісші • кондитер
Дүниеге келуі19 мамыр 1890 (1890-05-19)
Ким Лиен ауылы, Нам Дан поселкесі, Ңе Ән провинциясы, Аннам протекатораты, Француз Үндіқытай
Қайтыс болуы2 қыркүйек 1969 (1969-09-02) (79 жас)
Һаной, Солтүстік Вьетнам
ЖерлендіХо Ши Мин кесенесі
Туған кездегі есіміНгуен Синь Куң
ӘкесіНгуен Синь Сак
АнасыҺоаң Тһи Лоан
ЖұбайыТаң Тует Минь (1926-1969)
(?)
ҚолтаңбасыҚолтаңбасы
МарапаттарыЛенин ордені
Хо Ши Мин Ортаққорда

Хо Ши Мин Орталық Вьетнамдағы Ңе Ән провинциясында дүниеге келген. Ол 1941 жылдан бастап Вьет Минь тәуелсіздік қозғалысын басқарды. Бастапқыда бұл Вьетнамның тәуелсіздігі үшін күресетін барлық партиялардың қолшатыр тобы болып жұмыс істесе, кейінірек Коммунистік партия 1945 жылдан кейін көпшіліктің қолдауына ие болды да, оған көбірек назар аударылды. Хо Ши Мин 1945 жылы Коммунистік Вьетнам Демократиялық Республикасын басқарды, 1954 жылы Дьен Бьен Фу шайқасында Француз Одағына қарсы жеңіп, Бірінші Үндіқытай соғысын аяқтады және нәтижесінде Вьетнамның екіге бөлінуіне әкелді. Ол 1955 жылдан 1975 жылға дейін созылған Вьетнам соғысы кезінде Вьетнам Халық Армиясы мен Вьет Конгтың негізгі басшысы болды. Хо денсаулығына байланысты 1965 жылы ресми түрде биліктен кетті және 1969 жылы қайтыс болды. Солтүстік Вьетнам ақырында жеңіске жетті. Оңтүстік Вьетнам және оның одақтастары Коммунистік билік астында 1976 жылы ресми түрде бір елге біріктірілді. Оңтүстік Вьетнамның бұрынғы астанасы Сайгон оның құрметіне Хошимин қаласы деп аталды.

Хо Ши Минның билікке келгеннен бұрынғы өмірбаяны толықтай белгісіз. Оның 50-ден 200-ге дейін лақап аттары болған деп те айтылады.

Өмірбаяны

Хюэдегі ұлттық колледжде білім алған. 1911 жылы Сайгон қаласындағы француздарға қарасты "Башон" зауытына мамандар даярлайтын училищеге оқуға түсіп, шет елге кетті. 1912–1916 жылдары француз және ағылшын компанияларының кемелерінде матрос болып істеді. 1916–1919 жылдары Ұлыбритания мен АҚШ-та тұрды. 1919 жылы Францияға қоныс аударып, Париж бітім конференциясы (1919—1920) кезінде оған қатысушыларға вьетнам патриоттарының атынан Үндіқытай халықтарына тәуелсіздік беруді талап еткен меморандум жолдады. 1920 жылы желтоқсанда жаңадан құрылған Француз коммунистік партиясына кірді.

1924 жылы Коминтерннің 5-конгресінің жұмысына қатысып, отарлар мәселесі бойынша баяндама жасады. 1925 жылы Вьетнамның революцияшыл жастарының серіктестігін, 1930 жылы Үндіқытай коммунистік партиясын құрды. Революциялық қызметі үшін бірнеше рет сотталып, 1929 жылы сырттай өлім жазасына кесілді. 1934 — 1938 жылдары Мәскеудегі Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқып, сол жерде жұмыс істеді.

Халық Жиналысының алдында орналасқан ескерткіші, Хошимин

1941 жылы отанына қайтып оралып, елдің барлық патриоттық күштерін біріктірген Вьетнамның тәуелсіздігі үшін күрес Лигасын (Вьет Минь) құрды. Вьетнамда 1945 жылғы Тамыз төңкерісі аяқталуынан кейін Вьетам Демократиялық Республикасы Уақытша үкіметінің төрағасы, 1946 жылы наурыздан ВДР-дың тұңғыш президенті болды. ВДР партиясын, үкімет делегациясын басқарып, бірнеше рет Кеңес Одағына келіп қайтты. 1959 жылы 29—31 шілдеде Алматыда болып, Қазақ КСР-і ғылым академиясының ғалымдарымен, “Есік” кеңшарының жұмысшыларымен кездесті. Ленин орденімен марапатталған. 1967 жылы елді қайта біріктірудегі еңбегі үшін Сайгон қаласына Хо Ши Мин есімі берілді.[1]

Дереккөздер