Шаньдун
Шаньдун - Қытайдың шығысындағы түбек. Сары теңізге 350 км сұғына еніп жатыр. Жағалауы жарлы, жақпар тасты; шығанақ қойнаулармен қатты тілімделген. Жағалау өңірінде көптеген аралдар бар. Солтүстік-батыс жағалауы аласа, түйетайлы. жер бедері негізінен төбелі, аласа таулы (Шаньдун тауы, 923 м). Жоталар аралығы мен жағалау өңірінде шағын жазықтар кездеседі. Алтын, графит, тас көмір кен орындары бар. Халық жиі қоныстанған. Бидай, жер жаңғағы, жеміс түрлері өсіріледі. Таулы аудандарда мал шаруашылығы дамыған. Теңізден балық ауланып, тұз өндіріледі. Циндао, Яньтай порттары бар.
Дереккөздер
Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
🔥 Top keywords: Тоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровАбай ҚұнанбайұлыШоқан Шыңғысұлы УәлихановБауыржан МомышұлыТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновБасты бетБесеудің хатыРақымжан ҚошқарбаевҚызыл кітапАқбөкенҰлы Отан соғысыЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақстанҚызғалдақЖаһандануӘміре ҚашаубаевБәйтерек (монумент)Қожа Ахмет Ясауи кесенесіТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевАйдын Ақанұлы АйымбетовЖелтоқсан көтерілісіЖуніс СахиевХиуаз Қайырқызы ДоспановаАстанаҒұндарЖапонияАрнайы:ІздеуЖыныссыз көбеюАрқарЕсім ханҚазақстан өзендеріҚаныш Имантайұлы СәтбаевАмерика Құрама ШтаттарыТәуекел ханҚазақстан музейлеріМағжан Бекенұлы ЖұмабаевБіріккен Ұлттар ҰйымыҚытайМұхтар Омарханұлы Әуезов