Эшли Бенсон

(ақпан 2016)

Эшли Бенсон (ағыл. Ashley Victoria Benson; 1989 жылдың 18 желтоқсанында дүниеге келген, Лонг-Бич, Калифорния, АҚШ) —американдық кино әртісі, «Өміріміздің күндері» және «Сүйкімді алдаушылар» атты сериалдарымен әйгілі.

Эшли Бенсон
Ashley Victoria Benson
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

18 желтоқсан 1989 (1989-12-18) (34 жас)

Туған жері

Калифорния, АҚШ

Мамандығы

актриса

Белсенді жылдары

2002 — қ.т

Өмірбаян

Екі жасында Эшли бимен шұғылдана бастайды, бес жасында ән сабағынан дәріс алып, фотосуреттерге түсуді қолға алады. Сегіз жасында ол Ford Models моделідік орталығымен жұмыс істеп, сонда жарнамаға түседі. Сол кезден бастап ол театрда ойнап, әртіс боламын деген шешім қабылдайды.

2000 жылдардың басында Эшли кинолар мен телесериалдардағы эпизодттық рөлдерінде ойнайды. Танымалдылық оған «Дни нашей жизни» (2004 -2007 жж.) атты операсындағы рөлден кейін келеді. 2009 жылы Бенсон «Иствик» телесериалындағы Мии Торколетти рөлін ойнап, бүкіл 13 сериясында түседі. 2010 жылда ол АВС Family арнасындағы «Милые Обманщицы» атты жастарға арналған драмалық телесериалында басты рөлдердің бірін ойнайды. Айта кететін айып Эшли жасөспірім кезінен өзінің әріптесі Люси Хейлмен әлі күнге дейін жақын дос болып табылады.

Фильмография

ЖылыҚазақша атауыОрысша атауыАғылшын атауыРөлі
2002Батыс қанатЗападное крылоThe West Wingқыз
200413 - тен 30 - ғаИз 13 в 3013 Going on 30"Алты қыздың" бірі
2004-2007Өміріміздің күндеріДни нашей жизниDays of our LivesЭбигейл Деверо
2006Жалғыз жүректерОдинокие сердцаThe O.C.Райли
2007Табысқа жет: Барлығы жеңіс үшінДобейся успеха: Всё за победуBring It On: In It to Win ItКирстен
2008Барт қонақ үйде бөлме алдыБарт снял номер в гостиницеBart Got a RoomЭлис
2008Керемет бестік:Қолдау тобының Техасстағы ұрысыПотрясающая пятерка: Техасский скандал в группе поддержкиFab Five: The Texas Cheerleader ScandalБрук Типпит
2008ҒажайыптарСверхъестественноеSupernaturalТрейси Дэвис(4 сезон 7 серия)
2009-2010ИствикИствикEastwickМия Торколетти
2010Жаңажылдық купидонРождественский КупидонChristmas CupidКэйтлин Куинн
2010-қазіргі күндерге дейінСүйкімді алдаушыларМилые обманщицыPretty Little LiarsХанна Марин
2013Сіздің анаңызды қалай кезіктірдім?Как я встретил вашу мамуHow I met your motherКарли
2013-2014РейвенсвудРейвенсвудRavenswoodХанна Марин
2013Керемет демалыстарОтвязные каникулыSpring BreakersБрит
2015ПикселдерПикселиPixelsЛеди Лиза