Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы — Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
(Ортсайлауком)
Жалпы мағлұмат
Мемлекет Қазақстан
Штаб-пәтері010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4
ТөрағасыӘбдіров Нұрлан Мәжитұлы
Ресми сайты
https://www.gov.kz/memleket/entities/election?lang=kk

https://www.election.gov.kz/kaz/

Комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасында әділ, шынайы және еркін сайлаулар мен республикалық референдумдар өткізу болып табылады. Миссиясы — еркін және әділ сайлау мен республикалық референдумдар өткізу жолымен азаматтардың тікелей немесе өз өкілдері арқылы мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету.[1]

Қысқаша тарихы

Қазақ КСР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен 25 адамнан құрылған болатын. 1989 жылғы 18 қазанда Қазақ КСР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құрамы бекітілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысына сәйкес Ортсайлауком аппараты 7 адамнан құралды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 28 маусымда Қазақ КСР-і депутаттарын сайлау және кері шақырып алу бойынша Орталық сайлау комиссиясы құрамына өзгерістер енгізді. 1993 жылғы 8 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын сайлау туралы» қаулысы қабылданды. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Жоғарғы Кеңес сайлады. Осы жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже бекітілді. 1995 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы» Жарлығы қабылданды. Орталық сайлау комиссиясының отставкаға кету туралы өтінішін қарай келе, Орталық сайлау комиссиясының бүкіл құрамын қызметтен босату туралы шешім қабылданды. 1995 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жаңа құрамы бекітілді. 1996 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орталық сайлау комиссиясы туралы жаңа Ереже бекітілді.

Қайта ұйымдастыру

2007 жылғы конституциялық реформаға дейін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Төрағасын, Төрағаның орынбасарын және мүшелерін Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша сайлау Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің айрықша құзіретіне жататын. Қазіргі кезде қолданыстағы Конституцияға сәйкес Орталық сайлау комиссиясын қалыптастырудың келесі тәртібі қолданылады:

  • Ортсайлаукомның Төрағасы мен екі мүшесін бес жыл мерзімге Қазақстан республикасының Президенті тағайындайды;
  • Ортсайлаукомның екі мүшесін бес жыл мерзімге Парламент Сенаты тағайындайды;
  • Ортсайлаукомның екі мүшесін бес жыл мерзімге Парламент Мәжілісі тағайындайды.

Комиссия құрамы

РетіАты-жөніТағайындалған уақыты
1Төрағасы — Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров2022 жылы 25 қаңтар
2Төраға орынбасары — Константин Викторович Петров2021 жылы 29 қыркүйек
3Хатшысы — Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман2022 жылы 30 наурыз
4Мүшесі — Сәбила Сапарқызы Мұстафина2021 жылы 29 қыркүйек
5Мүшесі — Анастасия Геннадьевна Щегорцова2019 жылы 7 қараша
6Мүшесі — Асылбек Айжарықұлы Смағұлов2020 жылы 16 қыркүйек
7Мүшесі — Шавхат Әнесұлы Өтемісов2022 жылы 24 ақпан

Төрағалары

  1. Қапар Бөкенұлы Бөкенов 1991-1993
  2. Қаратай Тұрысұлы Тұрысов 1993-1995
  3. Юрий Алексеевич Ким 1995-1996
  4. Зағипа Жақиянқызы Балиева 1996-2005
  5. Оңалсын Исламқызы Жұмабеков 2005-2007
  6. Қуандық Тұрғанқұлұлы Тұрғанқұлов 2007-2016
  7. Берік Мәжитұлы Имашев 2016-2022
  8. Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров 2022 жылдан бастап

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм