Қазақстан премьер-министрі

Қазақстан Республикасының Премьер-МинистріҚазақстан үкімет басшысы. Премьер-министр өкілеттіктерінің қатарына атқарушы органдардың жүйесін басқару және олардың қызметіне басшылық жасау кіреді.[1] Премьер-министр өзінің бүкіл қызметінде президенттің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламенттің алдында жауапты.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан елтаңбасы

Лауазымды иеленуші
Олжас Бектенов
6 ақпан 2024 жылдан бері
Ресми резиденциясы

Үкімет Үйі, Астана, Қазақстан

Лауазым пайда болды

10 желтоқсан 1991

Лауазымдағы алғашқы қызметші

Сергей Терещенко

Сайты

primeminister.kz

Өкілеттіктері

Премьер-Министр үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді, үкімет қаулыларына қол қояды, үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде президентке баяндап отырады және үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады.

Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие, әрі өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан премьер-министрінің алдында жеке-дара жауап береді. Премьер-министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығара алады.

Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.

Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді.

Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды.

Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.

Қазақстан үкімет басшыларының тізімі

Төменде Қазақстанның 1917 жылдан бергі үкімет басшыларының тізімі берілген.

Алаш автономиясы (1917–1920)

СуретіАты-жөні
(Өмір сүрген жылдары)
ҚызметіПартиясыРуы
1 Әлихан Бөкейханов
(1866–1937)
13 желтоқсан
1917
5 наурыз
1920
АлашТөре

Кеңестік Қазақстан (1919–1991)

Қазақстан Республикасы (1991–)

Премьер-министрлер

     Премьер-министр міндетін атқарушысы

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер