2024 жыл

Жылдар
2020 · 2021 · 2022 · 2023 2024 2025 · 2026 · 2027 · 2028
Онжылдықтар
2000 жж. · 2010 жж.2020 жж.2030 жж. · 2040 жж.
Ғасырлар
XX ғасыр
XXI ғасыр

— XXII ғасыр

III мыңжылдық
XIX ғасыр
XX ғасырXXI ғасыр

— XXII ғасыр

— XXIII ғасыр
1990 жж. 1990 1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999
2000 жж. 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009
2010 жж. 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019
2020 жж. 2020 2021 2022 2023 2024 2025 2026 2027 2028 2029
2030 жж. 2030 2031 2032 2033 2034 2035 2036 2037 2038 2039
2040 жж. 2040 2041 2042 2043 2044 2045 2046 2047 2048 2049
2050 жж. 2050 2051 2052 2053 2054 2055 2056 2057 2058 2059
2060 жж. 2060 2061 2062 2063 2064 2065 2066 2067 2068 2069
2070 жж. 2070 2071 2072 2073 2074 2075 2076 2077 2078 2079
2080 жж. 2080 2081 2082 2083 2084 2085 2086 2087 2088 2089
2090 жж. 2090 2091 2092 2093 2094 2095 2096 2097 2098 2099
2100 жж. 2100 2101 2102 2103 2104 2105 2106 2107 2108 2109
2024 жыл басқа күнтізбелерде
Грегориан күнтізбесі2024
MMXXIV
Юлиан күнтізбесі2023 — 2024 (14 қаңтардан бастап)
Рим қаласының құрылуынан бастап2776 — 2777 (4 мамырдан бастап)
Византия күнтізбесі7532 — 7533 (14 қыркүйектен бастап)
Еврей күнтізбесі
5784 — 5785

ה'תשפ"ד — ה'תשפ"ה

Ислам күнтізбесі1445 — 1446
Армения күнтізбесі1473
ԹՎ ՌՆՀԳ

Қытай күнтізбесі4720 — 4721
癸卯 — 甲辰
қара қоян — көк айдаhар
Ефиопия күнтізбесі2016 — 2017
Инду күнтізбесі
- Викрам самват2080 — 2081
- Шака самват1946 — 1947
- Кали-юга5125 — 5126
Иран күнтізбесі1402 — 1403

2024 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның бірінші күні, яғни дүйсенбіде басталады. Кібісе жыл.

Бұл біздің заманымыздың 2024 жылы, III мыңжылдықтың 24 жылы, 21 ғасырдың 24 жылы, 21 ғасырдың 3-ші онжылдығының 4 жылы, 2020-шы жылдардың 5 жылы болып табылады.

Әзірше 2024 жыл әлемдегі ірі қақтығыстардың жалғасуымен ерекшеленеді: Ресейдің Украинаға басып кіруі, Израиль−Хамас соғысы, Мьянмадағы азамат соғысы, Судандағы азамат соғысы және тағы басқа.

2024 жылы шамамен төрт миллиард адам тұратын дүние жүзінің 76 шақты мемлекетінде ұлттық сайлау өтетін болады. Сайлау өткізетін елдер тізімінде халқы ең көп 10 елдің сегізі (Америка Құрама Штаттары, Бангладеш, Бразилия, Индонезия, Мексика, Пәкістан, Ресей және Үндістан) және Ұлыбритания бар. 2024 жылы оған қоса Еуропа парламентіне сайлау жүреді.

Оқиғалар

Қаңтар

  • 1 қаңтар
  • 2 қаңтарМаршалл аралдарында жалпы сайлау өтті. Маршалл аралдарының заң шығару жиналысы Хильда Хайнды президент болып сайлады.[5]
  • 3 қаңтар – Кермандағы лаңкестік әрекет: Қасым Сүлейманиның өлтірілу «мерейтойына» Керман, Иранда Ислам мемлекеті бомбалауы нәтижесінде 89 адам қайтыс болды.[6][7]
  • 7 қаңтарБангладеште жалпы сайлау өтті. Оппозициялық партияның наразылығына және дауыс беруге келгендер санының күрт төмендеуіне қарамастан Хасина Шайһ Уазед басқарған Авами лиг партиясы сайлауда төртінші рет қатар жеңіске жетті.
  • 8 қаңтар – Эквадордағы қарулы қақтығыс: Лос Чонерос атты картель басшысы Хосе Масиас Вильямар түрмеден қашып кетті. Эквадор президенті Даниэль Нобоа елде төтенше жағдай жариялады. Көшелерге, түрмелерге әскерилер жіберілді.[8]
  • 11 қаңтар
    • Папуа — Жаңа Гвинеяда есептеу кезінде болған болжалды қателік нәтижесінде полицейлер мен сарбаздардың жалақысы берілмей қалды, елде ереуіл басталды.
    • АҚШ хуситтер қозғалысына тауар тасымалдап жатқан ирандық дауды басып, кейін батады. Операция нәтижесінде кеменің бүкіл экипажы ұсталған, екі SEAL теңізде жоғалған.
  • 12 қаңтарӨркендеу күзетшісі операциясы: Хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге шабуылына жауап ретінде АҚШ бастаған коалиция хуситтердің Йемендегі базаларына әуе шабуылын ұйымдастырды.[9]
  • 13 қаңтарТайваньда президент сайлауы өтті. Демократиялық ілгерішіл партияның үміткері Лай Циндэ жалпы дауыстың 40% жинады да, жеңіске жетті.
  • 14 қаңтар
    • Таққа отырғанына 52 жыл болған күні Дания патшайымы II Маргрете тақтан бас тартты, оның орнына таққа кронпринц Фредерик отырып, ол X Фредерик атанды.[10][10]
    • 2024 жылғы Комор аралдарындағы президент сайлауы: халықтың тек 16.3% қатысқан сайлау нәтижесінде халық наразылығына қарамастан президент Азали Ассумани 62.9% дауыспен қайта сайланды.[11]
  • 15 қаңтар Бернардо Аревалоның Гватемала президенті болып ұлықтауы.[12]
  • 19 қаңтар – Жапония SLIM миссиясының көмегімен Айға баяу қондыру жасаған бесінші ел болды.
  • 19 қаңтар - Kaspi bank американдық NASDAQ биржасында компания 11 миллионнан астам акция сатты және 1 миллиард доллардан астам қаражат жинады.
  • 22 қаңтар – Джозеф Бокайдың Либерия президенті болып ұлықтауы.
  • 24 қаңтар – Белгород облысындағы Ил-76 апаты: ресейлік Ил-76 әскери транспорт ұшағы Короча ауданында құлады. Ресей мәліметінше ішінде болған барлық адам, соның ішінде 65 украиналық әскери тұтқын, экипаждың 6 мүшесі және 3 күзетші, қайтыс болды.[13]
  • 26 қаңтар
  • 28 қаңтарФинляндиядағы президент сайлауының 1-айналымы өтті.
  • 31 қаңтар – Джохор сұлтаны Ибраһим Исмаил Малайзияның 17-Янг ди-Пертуан Агонг тағына отырды.

Ақпан

  • 4 ақпан
    • Намибия президенті Хаге Гейнгоб қайтыс болды; орнын вице-президент Нанголо Мбумба алды.[16]
    • Сальвадорда жалпы сайлау өтті.
  • 7 ақпанӘзербайжандағы президент сайлауы: Оппозицияның наразылығына қарамастан, президент Ильхам Әлиев бесінші рет қайта сайланды.[17][18]
  • 8 ақпанПәкістанда жалпы сайлау өтті. Нәтижесінде Ұлттық ассамблея мандаттарының көбісін Партиясыз саясаткерлер жеңіп алды. Партиясыздардың көбі тыйым салынған Әділет үшін қозғалыстың бұрынғы мүшелері болған.
  • 11 ақпан – 2024 жылғы Финляндиядағы президент сайлауы: Екінші айналым нәтижесінде президент болып Александр Стубб сайланды.
  • 14 ақпан – 2024 жылғы Индонезиядағы жалпы сайлау: Үкіметтік табуляторлардың ресми жылдам санауы бұрынғы әскери офицер Прабово Субиантоны наурыз айында шығарылатын түпкілікті нәтижелерге дейін президенттік сайлаудың жеңімпазы деп таныды.
  • 16 ақпан – Харптағы түрмеде ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды.
  • 22 ақпан – америкалық Intuitive Machines компаниясының Nova-C қонушысы Айға қонған алғашқы коммерциялық көлік болды.
  • 23 ақпанАрмения өзінің ҰҚШҰ-дағы мүшелігін де-факто уақытша тоқтатты.
  • 25 ақпанБеларусьтегі парламент сайлауы нәтижесінде биліктегі Белая Русь партиясы мандаттың көпшілігіне ие болды.
  • 26 ақпан – Венгриядағы президенттік сайлау[19]. Тамаш Шайок сайланды[20].

Наурыз

Сәуір

  • 3 сәуір – Тайваньдағы 7,4 және 6,5 баллдық жер сілкіністерінің сериясы[27].
  • 6 сәуір – Словакия Президентін сайлаудың екінші туры[28].

Болжамды және жоспарланған оқиғалар

Күні белгісіз

Туғандар

Тағы қараңыз: Санат:2024 жылы туғандар

Қайтыс болғандар

Тағы қараңыз: Санат:2024 жылы қайтыс болғандар

Тағы қараңыз

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: 2024

Дереккөздер