Қандық

Қандық (лат. Erythronium) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Солтүстік Америка мен Еуразияның таулы аудандарында кездесетін 25 түрі белгілі. Қазақстанда қылқанжапырақты ормандар мен тоғайлар арасында, альпі және субальпі шалғындарында өсетін 1 түрі – сібір қандығы (Erythronium sibiricum) бар. Биіктігі 10 – 30 см, цилиндр тәрізді, сыртын қоңыр тері сияқты қатпарлар жапқан жуашықты өсімдік. Сабағы жіңішке тік өседі. Жапырақтарының саны екеу, кең жайылған қандауыр немесе таспа тәрізді (ұзындығы 7 – 15 см, 2 – 6 см), мрамор түстес дақтары болады. Ірі гүлі қызғылт күлгін, сирек ақ немесе сарғыш түсті, сабағының ұшында дара жетіледі. Сәуірмамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қауашақ. Қандықтың кейбір түрлерінің жуашығын тағамға қосады және дәрілік өсімдік ретінде пайдаланылады. Әсемдік үшін өсіріледі.[1]

Қандық
Erythronium dens-canis
Erythronium dens-canis
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Дара жарнақтылар
Сабы:Liliales
Тұқымдасы:Liliaceae
Кіші тұқымдасы:Lilioideae
Тегі:Erythronium
түрлері

20–30 түрі белгілі

Сілтемелер

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм