Қарабас сандуғаш

Қарабас сандуғаш (лат. Sylvia atricapilla) - Торғайтәрізділер отрядының сандуғаштар тұқымдасының арасындағы ең әйгілі сайрағыш құс. Құс әуенін бағалайтындардың көпшілігі оның әуенін бұлбұлдың әуенінен де әдемі деп санайды.

Қарабас сандуғаш


Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Құстар
Сабы:Торғайтәрізділер
Тұқымдасы:Сандуғаштар
Тегі:сандуғаш
Түрі:Қарабас сандуғаш
Екі-есімді атауы
Sylvia atricapilla
(Linnaeus, 1758, Sweden)
       Breeding summer visitor        Resident year-round        Winter visitor (ranges are approximate)
       Breeding summer visitor
       Resident year-round
       Winter visitor
(ranges are approximate)
Cuculus canorus bangsi + Sylvia atricapilla

Биологиялық сипаттама

Бұл орташа денелі сандуғашты басындағы ашық қызғылтсары «телпегі» бойынша аналығына қарап оңай тануға болады. Қара «телпекті» аталық сайрағыш сандуғашты еске түсіреді, алайда, біріншіден, қарабас сандуғаштың жоны сұр реңді емес, зәйтүн түстес қоңыр; екіншіден, бұл екі сандуғаштар бізде ешқашан бірге кездеспейді. Бұл - барлық сандуғаштардың ішіндегі орманда ең көбірек мекендейтін құс. Ол бұталар өскен әр алуан ормандарда орын тебеді, алайда бұталары өте көп орман алаңшасын көбірек ұнатады. Тұқымтоптың өмір сүруі басқа сандуғаштардікіне ұқсас.

Таралуы

Еуропалық түр ретіндегі қарабас сандуғаш негізінде Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінен ұшып өткенде байқалады. Анда-санда Жайық өзенінің аңғарын бойлай ұялайды. Қазақстанның батысында қарабас сандуғаштар көктемде - сәуір-мамырда, күзде - қыркүйек және қазанның алғашқы күндерінде ұшып өтеді.[2]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм