Қылша

Қылша(лат. Ephedra)[1]қылшалар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл бұтақтар, биік ағаштар.

Қылша

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
(unranked)Ашықтұқымдылар
Тұқымдасы:Қылшалар тұқымдасы
Тегі:Қылша (Ephedra)

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 2 — 7 см-ден 1 — 8 м-ге дейін жетеді.
  • Сабағы бунақты. Бұтақтары қырлы - қырлы, жасыл түсті, онда фотосинтез процесі жүреді.
  • Жапырағы қабыршақ не жіп пішінді.
  • Гүлі қос үйлі, бір үйлісі сирек. Аталық масақшасы шоқтанған гүл серігінен тұрады. Аналығы 1 — 3 бүрлі. Мамырмаусым айларында гүлдеп, шілдетамызда жеміс салады. Тозаң желмен, кейде насекомдармен тұқымбүріне жеткізіледі.
  • Жемісі — сары, қызыл түсті, етті шырынды жидек.

Өсетін жері мен таралуы

Құрғақ климатты жерлерде: Солтүстік жарты шардың басым бөлігінде - Оңтүстік Еуропада, Солтүстік Африкада, Азияның оңтүстік-батысы мен орталығында, Солтүстік Американың оңтүстік-батысында, Ресейдің еуропалық бөлігі мен Батыс Сібір жазығының далалы жерлерінде және Оңтүстік жарты шарда, Оңтүстік Америкада таралған. Қазақстанда қылшаның Балқаш-Алакөл ойысында, Қаратау сілемдерінде, Жетісу (Жоңғар), Теріскей, Іле Алатауларында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда кездесетін 7 түрі бар.

Қолданылуы

Құрамында С дәрумені бар, жеуге жарамды.
Қылшадан дәрілік зат — эфедрин, алкалоидтар алынады, өсімдік бойында илік заттар (пиракатехин, флобафен, т.б.) бар. Қылшаның бір түрі (E. lamatolepіs) эндемик болып саналады. Дәрілік өсімдіктер қатарына масақты қылша (Кузмич шөбі — Ephedra dіstachye), қырықбуынды қылша (E. equіsetіnc), қызыл тамырлы қылша (Ephedra іntermedіa) түрлері жатады.[2]

Дереккөздер