Үйрену
Үйрену - қандай да болсын іс-әрекет алаңында мақсатқа қол жеткізудің, мәселені шешудің, міндетті түрде тиімді орындаудың технологиясын меңгеру процесі, оқыту нәтижесінде білім, іскерлік және дағдыға ие болу.[1]
Үйрену — адамның белгілі бір білім жүйелерін, тиісті қимыл-қозғалыстар мен амалдарды меңгере алуы. Адамның негізгі үйренетін нәрсесінің бірі — білім. Үйренудің адам және жануарларға ортақ негізгі үш түрі бар: сенсор, мотор, сенсомотор. Адамға тән үйренудің түрін когнитивтік үйрену деп атайды. Сенсорлық үйрену арқылы — білім, моторлық үйренумен — дағды қалыптасады. Бірнеше үйренудің қиысуы, мақсатқа сай әрекет ету, ойлаудың жоғарғы түрінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Үйренулер — адамның білімді, үйренулер мен дағдыны меңгеру үрдісі және нәтижесі.[2]
Дереккөздер
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |