Өнердің ерікті жеті саласы

Өнердің ерікті жеті саласы  (лат. sēptem ārtes liberāles) — Эллинисттік Грекиядағы, ежелгі Римдегі және орта ғасырлардығы Батыс Еуропадағы оқу пәндері.

Философия және өнердің ерікті жеті саласы. Геррада Ландсбергтің «Hortus Deliciarum» (1167—1185) кітабынан миниатюра

Басқа терминдер мен аудармалары

Өнердің ерікті жеті саласы ұғымын латын тілінде басқаша да атаған: лат. doctrinae liberales «ерікті ғылымдар», лат. liberalia studia «ерікті істер», лат. artes bonae «жақсы өнерлер», лат. artes ingenuae «сырбаз өнерлер».

Өнердің ерікті жеті саласына тривиум: грамматика, риторика, диалектиканы, және квадривиум: арифметика, геометрия, астрономия, музыканы қамтитын циклдер енді. Бұл екі цикл антик дәуірінен қалған білім жүйесіне жатады. [1]. Бұл оқу пәндер циклын философиямен айналысу алдындағы дайындық мектебі деп қабылданатын. Бұл оқу жүйесінің негіздеушісі болып дәстүрлі түрде софизм ілімінің уәкілі Гиппий[2] болып есептеледі.

Өнердің ерікті жеті саласы
ТривиумКвадривиум
ГрамматикаДиалектика (логика[3])РиторикаАрифметикаГеометрияМузыкаАстрономия

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Seven liberal arts