GOT7

GOT7 - JYP Entertainment компаниясының қолдауымен 2014 жылы құрылған Оңтүстік Кореяның жігіттер тобы. Топ құрамында Америкадан, Таиландтан, Гонконгтан бағын сынауға келген жігіттер бар. GOT7 жігіттер тобының басты ерекшелігі JYP Entertainment компаниясында 6 жыл бұрын өз күштерін көрсете білген 2PM жігіттер секілді биге акробаттық қимылдар қосады. Топ құрамына 2012 жылы танымал болған JJ Project дуэті кіреді. Сахнаға шықпас бұрын топ құрамындағы американдық,алайда қытайлық тамыры бар Марк,тайлық Кунпимук Бхувакуль,Гонконгтық Джексон және корейлік Югем "WIN: WHO IS NEXT?" бағдарламасына қатысқан болатын.

GOT7
логотипі
суреті
GOT7 тобының құрамы
Негізгі ақпарат
Жанры

R&B, Хип-хоп

Белсенділік
жылдары

2014 - қазіргі уақыт

Мемлекет

Оңтүстік Корея, Сеул

Лейблі

JYP

Топ құрамы
  • Марк И-Ен Туан
  • Им Джебом
  • Джексон Ван
  • Пак Джинён
  • Чхве Ёнджэ
  • Конпимук Бувакуль
  • Ким Югём
http://got7.jype.com/

Қаңтар айының 20-шы жұлдызында олардың Got it? атты бірінші мини альбомдары шығады. GOT7 тобы дебюттік альбоммен Billboard альбом чартына еніп, жоғарғы орындарды алған алғашқы K-POP тобы болып табылады. Сонымен қоса, альбом Gaon Album Chart чартында 2-ші орынды алады. GOT7 тобы 16-шы қаңтар күні girls girls girls атты синглдарымен M! CountDown шоуында дебют жасайды. Дебюттен кейін топ бірден Sony Music Entertainment компаниясымен келісім-шартқа отырып, Жапонияда тоғыз мың адам алдында шоукейс өткізді. Содан кейін топ Around The World атты синглмен Жапонияда дебют жасайды. Ал бір айдан кейін жігіттер Кореяға оралып, Identify деп аталатын бірінші студиялық альбомдарын ұсынды. Альбом шыға салысымен чарттарды бағындыра білді. 2015 жылы топ Just Right және Mad атты альбомдарын көпшілікке ұсынды. Бұл альбомдар топ карьерасындағы ең сәтті альбомдар деп атасақта болады, алайда бұл топтың кез келген альбомдары үздік. 2016 жылы талантты жігіттер Moriagatteyo деп аталатын алғашқы жапондық студиялық альбомдарын шығарды. Альбом сәтті болып, Oricon Album Chart чартының топ-3де болды. Наурыз айының 21-ші жұлдызында топ Flight Log: Departure атты 5-ші мини альбом, ал 27-ші қыркүйек күні Flight Log: Turbulence атты екінші студиялық альбомды ұсынады. Екі альбомда чарттардың шыңын бағындырып, сәтті шығады. Ал 2017 жылы олар Flight Log сериясын аяқтайын Flight Log: Arrival атты 6-ші мини альбомдарын ұсынады. 17-ші қазан күні жігіттер жанкүйерлеріне 7 for 7 альбомдарын ұсынады. Ал олардың 2018 жылы 12-ші наурыз шыққан Eyes On You альбомдары 300 мың көшірме сатып, рекорд жаңартады.

2021 жылдың қаңтар айына дейін топ кәрісше 4 студиялық, 11 мини, жапонша 1 студиялық, 4 мини альбом шығарған. 19 қаңтар күні GOT7 тобының барлық мембері JYP-ден шығып кетеді. Алайда, топ атын, әндерін, жекеменшік заттарын өздеріне қалдырады.

Тарихы

JYP Entertainment компаниясы 2013 жылы 24 желтоқсанда жаңа жігіттер тобын құрайтынын жариялады. GOT7 биге акробатиқалық қимылдар қосқан JYP Entertainment компаниясының алғашқы жігіттер тобы болды. Алғаш сахнаға 16 қаңтарда шықты.

2014

2014 жылы 15 қаңтарда JYP Entertainment GOT7 тобының алғашқы «Girls, Girls, Girls» бейнебаянын YouTubeқа шығарды. 20 қаңтарда алғашқы Got It? альбомы жарық көрді. Бірнеше рет сахнаға шыққан соң, JYP Entertainment топтың Real GOT7 атты жеке бағдарламасын шығарды.

GOT7 Sony Music компаниясымен келісімге отырды. Бұл келісім топтың Жапонияда өнерін әрі қарай шыңдауына көмектесті. 4 сәуірде Токиода "GOT7 Showcase 1st Impact in Japan" атты концерті өтті. Бұл концертте 10 000 жанкүйерлері болды. Топ Hello", "Girls Girls Girls," "Playground," "I Like You," және "Follow Me" әндерін орындады.

10 сәуірде JYP Entertainment "I GOT7." бағдарламасының тизерін жариялады.

Got Love

5 маусымда JYP Entertainment , GOT7 тобы 19 маусымда Got Love әнімен Mnet's M! Countdownде өнер көрсететінің жариялады. Ал, Got Love әнінің бейнебаяны 23 маусымда шықты.

20 маусымда Music Bankта өнер көрсетті. 23 маусымда Малайзияда түсірілген бейнебаян жарияланды.

Топ мүшелері

Лақап атыШынайы есіміТуған күніАзаматтығыТоптағы қызметі
МаркМарк И-Ен Туан04.09.1993АҚШНегізгі рэпер, топтың "бейнесі", негізгі трикер
JBИм Джебом06.01.1994Корея РеспубликасыЛидер, вокалист
ДжексонДжексон Ван28.03.1994ГонконгТрикер, рэпер
JrПак Джинён22.09.1994Корея РеспубликасыВокалист
ЁнджэЧхве Ёнджэ17.09.1996Корея Республикасы Негізгі вокалист
БэмБэмКонпимук Бувакуль02.05.1997ТаиландНегізгі рэпер
ЮгёмКим Югём17.11.1997Корея Республикасы Вокалист, биші, рэпер

Жетістіктері

ЖылЖүлдеСанат
2015Seoul Music AwardsBonsang Award (GOT LOVE)
2015Seoul Music AwardsRookie Award
2015Seoul Music AwardsPopularity Award
2015Seoul Music AwardsHallyu Special Award
2015Golden Disk AwardChina Goodwill Star
2015Golden Disk AwardBest New Artist (Digital Single Division)
2014МАМАUnionPay Artist of the Year
2014МАМАBest New Artist
2012allkpop AwardsBest New Boy Band (JJ Project)
2012SBS MTVXDAUM BEST OF THE BESTBest New Artist (JJ Project)
2012Philippine KPOP AwardsRookie of the Year (JJ Project)

Кино әлемінде

ЖылАтауыҚатысушы
2012Сезім кернеген арманJB және Jr
2013Жігіттер ғашық болғандаJB және Jr
2015Армандаған серілерGOT7

Дереккөздер