IV Мехмет

IV Мехмет (осман. محمد رابع‎ — Mehmed-i râbi‘; 2 қаңтар 16426 қаңтар 1693) — Османлы мемлекетінің 19-шы сұлтаны, Ислам халифатының 84-ші халифі, аңшы, қолбасшы.

IV Мехмет
осман. محمد رابع‎ — Mehmed-i râbi‘
Мүміндер әмірі
Екі киелі қаланың қызметкері
IV Мехмет
Лауазымы
Ту
Ту
Османлы мемлекетінің 19-шы сұлтаны
Ислам халифатының 84-ші халифі
8 тамыз 1648 — 8 қараша 1687
(Лақап аты Аңшы IV Мехмет)
РегентКөсем сұлтан (8 тамыз 1648 — 2 қыркүйек 1651),
Тұрхан Қадиша сұлтан (2 қыркүйек 1651 — 1656)
ІзашарыИбраһим
ІзбасарыII Сүлеймен
Өмірбаяны
МамандығыАңшы, қолбасшы
ДініИслам
Дүниеге келуі2 қаңтар 1642 (1642-01-02)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Қайтыс болуы6 қаңтар 1693 (1693-01-06) (51 жас)
Эдирне, Османлы мемлекеті
ЖерлендіЖаңа Уәлиде сұлтан мешіті, Ыстамбұл
ДинастияОсманлы әулеті
ӘкесіИбраһим
АнасыТұрхан Қадиша сұлтан
ЖұбайыӘметуллаһ Рабиға Гүлнүш сұлтан
Сияуш сұлтан
Әфифе сұлтан
Рабиға сұлтан
Гүлнар сұлтан
Гүлнияз сұлтан
Дүррие сұлтан
БалаларыҰлдары:
II Мұстафа
III Ахмет
Сәлім шаһзада
Махмұт шаһзада
Мұрат шаһзада
Баязит шаһзада
Қыздары:
Қадиша сұлтан
Үммі сұлтан
Үммігүлсім сұлтан
Сафие сұлтан
Фатима сұлтан
Есма сұлтан
Хүмашаһ сұлтан
ҚолтаңбасыҚолтаңбасы
IV Мехмет Ортаққорда

Өмірбаяны

IV Мехмет османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны Ибраһим шаңырағында дүниеге келді. 1648 жылы жаңа шеріктер Ибраһимді тақтан тайдырды. Тақ 6 жастағы кішкентай бала Мехметке өтті.

IV Мехмет тұсындағы Османлы мемлекеті

IV Мехметтің балалық және жасөспірімдік шағы билікке таласқан анасы Тұрхан сұлтан мен әжесі Көсем сұлтанның жанжалдарымен өтті. Бұл жанжал тек сарай қызметкерлеріне ғана емес, мемлекеттік қайраткерлерге де әсер етті. Уәзірлер арасында сыбайлас жемқорлық, "лауазымды сатып алу" кеңінен таралды. Биліктің ең басында болу үшін олар сұлтан қыздарымен саяси некелерге отырып жүрді. 1656 жылдың 6 шілдесінде осы тұрақсыздықты пайдаланған венециялықтар Шанаққала бұғазында Османлы флотын талқандады. Олар тіпті Константинопольге қауіп төндірді, алайда сол жылы садрағзам лауазымын Көпрүлі Мехмет паша иеленді. Бұл оқиға «Көпрүлілер заманының» (1656-1710) бастамасы болды. Ол 1656 жылдың 15 қыркүйегінде садрағзам болып тағайындалды. Алайда Көпрүлі Мехмет паша өзінің тағайындалуына дейін сұлтанға бірнеше шарт қойды:

  • Садрағзамның шешімі қайта қарастырылмайды;
  • Садрағзам өз еркінмен шенеуліктерді тағайындайды, марапаттайды және қызметтен босатады;
  • Садрағзам сұлтанның кеңесісіз шағымдарға қатысты шешімді өзі қабылдайды;
  • Сарайда ешкім де саясатқа араласпайды.

1660 жылы Көпрүлі Мехмет паша венециялықтарды шегіндіріп, олардан Митилен мен Лемносты тартып алды.

1661 жылы садрағзамдық Көпрүлі Мехмет пашаның баласы Фазыл Ахмет пашаға өтті. Оның тұсында ел әкесінің тұсындағыдай дамыды. Ол Аустрияға қарсы соғысты сәтсіз аяқтаса да, 1669 жылы Венециядан Крит тартып алды.

Птуй мұражайындағы суреті

1672 жылы IV Мехметтің өзі бастаған османлылар Польшаға қарсы жорық жасады. Сұлтан Каменец-Подольский бекінісін алып, 18 қазанда Михаил Корибут Вишневецкиймен Бучач бітім шарты жасасты. Бітім шарт бойынша Польша патшасы Подолье мен Брацлав воеводалықтарын беріп, 22 000 алтын төледі. Бірақ поляктар бұл бітім шартты бекітуден бас тартып, соғысты қайта жаңартты. Ақырында, жеңілген поляктар 1676 жылдың 27 қазанында жасалған Журавно бітім шарты бойынша османлыларға Подолье мен Киев Украинасын өткізді.

1676 жылы Фазыл Ахмет пашадан кейін садрағзам болып Мерзифонлы Қара Мұстафа паша тағайындалды. Бұл садрағзам тұсында Ресеймен 1681 жылы сәтсіз бітім шарт жасалды. 1683 жылы 200 мыңдық әскермен Мұстафа паша Венаны қоршады. Карл Лотарингский мен Ян Собеский қалаға көмекке келіп, османлылар толықтай талқандады. Қашқан османлыларға поляктар мен немістер тағы екі рет Мажарстанда соққы берді. Сол сәтсіздіктерге ыза болған сұлтан сол жылы Белградта жаңа шеріктерге садрағзамды өлім жазасына кесуді тапсырды.

Сәтті кезді пайдаланған Ян Собеский Молдова мен Валахияға басып кірдіп, ал венециялықтар мен мальталық серілер Мореяны жаулап, Далмацияға шабуылдап, османлыларды Иония аралдарынан қуды.

Карл Лотарингский Мажарстанның бас қаласы Офенді 1686 жылы жаулап алды. Ал 1687 жылдың 12 қазанында Мохач шайқасында Карл Лотарингский османлыларды талқандады. Сонымен қатар османлылар Петервардейн, Эрлау, Штульвейсенбург және Белградтан айырылды.

Ажалы

Птуй мұражайындағы суреті

Османлы әскерінің көптеген жеңілістерінің кесірінен Константинопольде Көпрүлі Мехмет пашаның баласы Мұстафа бастаған көтеріліс басталды. Нәтижесінде IV Мехмет тақтан тайдырылды. 5 жылдан кейін бұрынғы сұлтан 51 жасында зынданда қайтыс болды. Мәйіті анасы Тұрхан Қадиша сұлтан салған Жаңа Уәлиде сұлтан мешітінің жаңындағы мазарда жерленді.

Садрағзамдары

ЕсіміҚызмет атқарған мерзіміУақыты
100Сопы Мехмет паша8 тамыз 164821 мамыр 16499 ай
101Қара Мұрат паша21 мамыр 16495 тамыз 16512 жыл
102Мелек Ахмет паша5 тамыз 165121 тамыз 165116 күн
103Сияуш паша21 тамыз 165127 қыркүйек 16511 ай
104Гүржі Мехмет паша27 қыркүйек 165120 маусым 165210 ай
105Тархуншы Ахмет паша20 маусым 165221 наурыз 16539 ай
106Биік Қожа Дәруіш Мехмет паша21 наурыз 165328 қазан 16541 жыл
107Ібшір Мұстафа паша28 қазан 165411 мамыр 16557 ай
108Қара Мұрат паша11 мамыр 165519 тамыз 16553 ай
109Армян Сүлеймен паша19 тамыз 165528 ақпан 16566 ай
110Телі Құсайын паша28 ақпан 16565 наурыз 16561 ай
111Зұрназен Мұстафа паша5 наурыз 16565 наурыз 1656? сағат
112Сияуш паша5 наурыз 165625 сәуір 16561 ай
113Бойнұяралы Мехмет паша26 сәуір 165615 қыркүйек 16566 ай
114Көпрүлі Мехмет паша15 қыркүйек 165631 қазан 16615 жыл
115Көпрүлі Фазыл Ахмет паша31 қазан 166119 қазан 167615 жыл
116Мерзифонлы Қара Мұстафа паша19 қазан 167614 желтоқсан 16837 жыл
117Байбұртты Қара Ибраһим паша15 желтоқсан 168318 қараша 16852 жыл
118Сары Сүлеймен паша18 қараша 168523 қыркүйек 16872 жыл
119Көпрүлі Дамат Абхаз Сияуш паша23 қыркүйек 16878 қараша 16872 ай

Қызықты деректер

  • 6 жаста таққа шыққан IV Мехмет — таққа шыққан кездегі ең жас османлы сұлтаны.
  • IV Мехмет I Сүлейменнен кейін ең көп билеген османлы сұлтаны. I Сүлеймен 46 жыл (1520-1566) билесе, IV Мехмет 39 жыл (1648-1687) биледі.
  • Атақты "Запорождықтардың түрік сұлтанына жазған хаты" атты оқиғадағы "түрік сұлтаны" — IV Мехмет.
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары
Ізашары
Ибраһим
IV Мехмет
8 тамыз 16488 қараша 1687
Ізбасары
II Сүлеймен
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит ·
V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф)
Әулет · Шежіре · Санат