Mars Express

Mars Express — 2003 жылы Марсқа ұшырылған және бүгінгі күнге шейін істеп тұрған еуропалық ғарыш кемесі.

Mars Express

Ұйымы ESA
ТапсырысыОрбиталық аппарат
Ненің серігіМарс
Орбитаға орнату күн-айы25.12.2003
Ұшыру күн-айы2.06.2003, Байқоңыр
Сөре көлігіСоюз-ФГ зымыраны /Фрегат үдемелі блогы
NSSDC нөмірі2003-022A
ТорабыДеректер
Массасы1123 кг (666 кг + 457 кг отын)
Қуаты460 Вт
Шоғырласпауы0,943
Орбита шағы7,5 сағ
Апоапсисы10107 км
Периапсисы298 км

Бұл орбиталық аппарат Марс бетіне Beagle 2 автоматты станциясын жеткізді, бірақ ол байланысқа шықпай, миссиясын орындамай қалды.

Mars Express-тің өлшемдері 1,5×1,8×1,4 метр, жазылған күн батареяларымен — 12 метр.

Құрылғылары: жоғары ажыратымдылығы бар стереокамера, радар MARSIS (Mars Advanced Radar for Subsurface and Ionosphere Sounding), OMEGA және SPICAM спектрометрлері, ASPERA (Analyzer of Space Plasmas and Energetic Atoms) анықтағышы, т.б.

Хронологиясы

2003 жылдың 2 маусымында Mars Express Байқоңырдан ұшырылды.

19 желтоқсанда, Марсқа жақындаған кезде, Beagle 2 негізгі аппараттан бөлініп қалды.

25 желтоқсанда Mars Express Марс орбитасына енді, ал Beagle 2 Марсқа қонды, бірақ байланысқа шықпай қалды.

2004 жылдың 23 қаңтарында OMEGA спектрометрі көмегімен Марстың оңтүстік полюсында мұз қабаттары табылды. Наурызда оның құрамы 85% қатқан көмірқышқыл газдан және 15% мұздалған судан тұратыны анықталды.[1]

Сондай-ақ наурызда Марс атмосферасында сәл болса да метан бар болғаны анықталды. Шілдеде атмосферада аммиак іздері де табылды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл не бактериялық өмірдің салдары ретінде қарастыруға болады, не Марстың геологиялық белсенділігін білдіреді.[2]

2006 жылдың 21 қыркүйегінде отыз жыл бұрын Viking 1 түсірген әйгілі Кидония аймағын аппарат жоғары ажыратымдылығы бар камерамен суретке түсірді.

Фобоспен жақындау схемасы

Желтоқсанда Mars Express он жылдай орбитада істеген, бірақ байланысы үзілген Mars Global Surveyor аппаратын іздестіруге жұмылдырылған болатын, бірақ нәтижесіз.

2010 жылдың 5 наурызында Mars Express Фобос қасынан өтіп, оның гравитациялық көрсеткіштерін өлшеді.[3]

2013 жылы аппарат Марстың топографиялық картасын түсіруді толықтай дерлік бітірді.

2018 жылдың шілдесінде MARSIS радары оңтүстік полюстегі мұздың астында, 1,5 шақырым тереңдікте көлдің бар екенін анықтады.[4] Желтоқсанда диаметрі 80 шақырымға баратын Королев кратері мұзға толы екені анықталды.[5]

2020 жылдың қыркүйегінде MARSIS радары тағы үш мұзасты көлін тапты.

Галерея

Дереккөздер

Сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Mars Express