Анафилаксия

Анафилаксия (грек. ana — қарсы және phэlaxіs — қорғаныс) — ағзадағы жедел белгі беретін аллергиялық реакция. Ол денеге енген әр түрлі заттардың (дәрілер, емдік сары сулар, витаминдер т.б.) қатерлі ықпалынан пайда болады. А. терминін ғылымға 1902 ж. француз ғалымдары П.Портье мен Ш.Рише енгізген. Олар актиний мұртшаларынан жасалған сұйықты иттерге қайтара еккенде, олардың қан қысымы төмендеп, құсу, іш өтуі сияқты белгілер байқалған. Соның салдарынан кейбіреулері өліп кеткен. А. жалпы А. және аумақтық А. болып бөлінеді. Жалпы А. асқынғанда А-лық ұлтана түрінде болады. Ондай кезде сырқаттың қатты қобалжуы, қорқыныш сезімі, солқылдап бас ауруы, бас айналуы, құлақ шулауы, суық тер бөлінуі, тыныстың тарылуы, іштің еріксіз өтуі, лоқсуы, құсуы, дененің дірілдеуі байқалады. Тіпті қан қысымы күрт түсіп, науқас өліп кетуі де мүмкін. Аумақтық А. кезінде организмнің сырқатқа шалдыққан тұсы қызара бөртіп ісінеді, кейде шіриді. А-ға ұшыраған науқасқа жедел дәрігерлік көмек көрсетіледі, қан тамырларына адреналин, глюкоза жіберіліп, аллергияға қарсы дәрілер (антигистаминдер) беріледі.

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм