Қазақша жыл санау

Қазақ халқының 12 жануарлармен байланысты дәстүрлі жыл есептеуі
 Басқа мағыналар үшін Жыл санау деген бетті қараңыз.

Жердің Күнді бір айналып шығуына кететін уақыт «жыл» деп аталады. Жыл он екі айға бөлінеді. Қазақша ай аттары: наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Жыл басы – наурыз айы. Әрине, бұл ежелгі қазақша жыл санау бойынша. Өйткені, бұл айда күн мен түннің көктемгі теңелуі (21 наурыз) болады. Мұнан әрі күн тез ұзарып, жер беті жылына бастайды, бүкіл жан-жануарлар, өсімдік атаулы, яғни, табиғат оянады.Қазақтың халық тәжірибесінде жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу өте ежелгі кезден басталған және ешқандай діни қағидамен байланысты емес. Шамасы, табиғат құбылыстарының қайталама заңдылығына негізделген болу керек.Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Одан ары қарай кезекпен сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз келіп отырады.Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар.12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды.

Мақаланың дыбысталған нұсқасы (18 қараша 2014 ж.)



Қытай күнтізбесі бойынша бір мүшел.
Алматыдағы "12 ай" суатқысы.
Атауыжылдар
1Тышқан19001912192419361948196019721984199620082020203220442056206820802092
2Сиыр19011913192519371949196119731985199720092021203320452057206920812093
3Барыс19021914192619381950196219741986199820102022203420462058207020822094
4Қоян19031915192719391951196319751987199920112023203520472059207120832095
5Ұлу19041916192819401952196419761988200020122024203620482060207220842096
6Жылан19051917192919411953196519771989200120132025203720492061207320852097
7Жылқы19061918193019421954196619781990200220142026203820502062207420862098
8Қой19071919193119431955196719791991200320152027203920512063207520872099
9Мешін19081920193219441956196819801992200420162028204020522064207620882100
10Тауық19091921193319451957196919811993200520172029204120532065207720892101
11Ит19101922193419461958197019821994200620182030204220542066207820902102
12Доңыз19111923193519471959197119831995200720192031204320552067207920912103

Түсініктемелер:1. Осы он екі жыл бір айналғанда бір мүшел толады.2. Бірінші мүшел 13 жас, содан кейін 12 жылдан қосыла береді.3. Әрбір төрт жыл сайын 366 күндік кібісе жылы кіреді, басқаша атауы толық жыл.

Ішкі сілтемелер