Тетрастигма

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту
Тетрастигма
Tetrastigma voinierianum
Tetrastigma voinierianum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
(unranked)Asterids
Сабы:Vitales
Тұқымдасы:Vitaceae
Тегі:Tetrastigma
(Miq.) Planch.
түрлері

90 - 100 түрі белгілі

Тетрастигма (лат. Tetrastigma) – жүзім тұқымдасына жататын мәңгіжасыл шырмауық өсімдік. Оның 90-ға жуық түрлері белгілі. Олар негізінен Оңтүстік-Шығыс Азия мен Солтүстік Австралияда кездеседі. Бірақ тетрастигманың Вьетнамда өсетін бір ғана түрі ғылыми тұрғыдан зерттелген. Оның ең басты бағалы қасиеті ұзын, жасыл сабақтары мен ерекше пішінді жапырақтарында. Үй жағдайында тетрастигма мүлдем гүлдемейді деуге болады. Жылыжайлар мен оранжереяларда жақсы өседі. Тетрастигма тез өсетін гүл. Дұрыс күтім жасалса, бір жылдың ішінде бірнеше метр биіктікке жетеді әрі көлемі де ұлғая түседі.

Күн жақсы түсетін жерлерді ұнатады, алакөлеңкеде де өсе береді.

Қыста температура 12°С төмендемегені дұрыс.

Суғарылуы:

қайнарын өңдеу

Молынан суғару керек, бірақ мөлшерден артық су құймауды қадағалаған жөн. Қыста сирек суғарылады.

Ылғалдылығы:

қайнарын өңдеу

Уақтылы сабақтарына су бүркіп тұру қажет.

Қоректендірілуі:

қайнарын өңдеу

Минералды, органикалық және азотты тыңайтқышпен қоректендіру керек.

Ауаның құрғақ болуынан жапырақтарының ұшы сарғайып, қоңырқай тартып кетеді.

Көбейтілуі:

қайнарын өңдеу

Көктемнен күзге дейін қалемшелері арқылы көбейтуге болады.

Сілтемелер

қайнарын өңдеу

Дереккөздер

қайнарын өңдеу

"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Навигация мәзірі