Қызылсирақ балшықшы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту
Қызылсирақ балшықшы
Ересек H. h. himantopus
Ересек H. h. himantopus
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Құстар
Сабы:Татреңтәрізділер
Кіші сабы:Charadrii
Тұқымдасы:Recurvirostridae
Тегі:Himantopus
Түрі:H. himantopus (disputed)
Екі-есімді атауы
Himantopus himantopus
(Линней, 1758)
Himantopus himantopus

Қызылсирақ балшықшы (лат. Himantopus himantopus) – татреңдер тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда көл мен өзен жағалауларында кездеседі. Қанатының ұзындығы 225 мм, салм. 200 г-дай. Түсі ақ пен қара аралас, арқасы мен қанаттары қара, бауыры мен құйрығы ақ түсті. Ұзын аяқтары – қызыл. Жыл құсы. Наурыздың ортасынан мамырдың басына дейін ұшып келіп, жерге ұя салады. Ондағы 4 теңбіл жұмыртқаларын мекиені мен қоразы кезектесіп, 25 күндей шайқайды. Балапандары мамық, қанаттанғаннан кейін тез ұшып кетеді. Негізінен омыртқасыздармен қоректенеді. Саны жылдан жылға азаюда.[1]

Дереккөздер

қайнарын өңдеу


Навигация мәзірі