І Селевк Никатор

Селевк Никатор I (көне грекше: Σέλευκος Α' Νικάτωρ; шамамен б.д.б. 358 — 281) - орестийлік Антиохтың ұлы. Ол Македонияның солтүстік аймағындағы Европос деген жерде дүниеге келген. Ол туылардан бір жыл бұрын олардың жерін пеонийліктер басып кірген болатын.Сол тұстағы билеушіII Филипп пеонийліктерді жеңіп, бірнеше жылдан кейін олар Македония билігіне бағынышты болып қалды.I Селевк Никатор ҰлыАлександрдың диадохы, яғни қолбасшысы болған.I Селевк - Селевкидтер әулетінің негізін қалаушы.Ұлы Александрдың өзге қолбасшыларының арасында Селевк табанды, батыл мінезімен, ерекше күш-қайратымен, сирек кездесетін сұңғыла ақылымен, сақтығымен және пайымдылығымен ерекшеленген.« Александрдың өлімінен кейін Селевк оның империясындағы билікке басты үміткерлердің бірі болды. Александрдың қазасы диадохтардың бір-бірімен соғысына алып келді. Осыдан соң Селевк Селевкидтер мемлекетінің негізін қалады.I Селевк өз қол астындағы бірнеше қаланы ата-анасының есімдерімен атады.«Никатор» деген құрметті лақап атты ол Гидаспа түбінде үнділермен арада болған шайқастан кейін алды.Никатор қайтыс болғаннан кейін Селевкидтер әулеті Грецияның шығысынан басталатын үлкен патшалықты б.з.д. 64 жылға дейің яғни екі ғасырға жуық уақыт бойы биледі. Дегенмен І Селевктің бірде- бір мұрагері онымен теңесе алмады. Сөйтіп, Селевкидтер біртіндеп күш- қуаты мен билігін жоғалтты.

Seleucus I Nicator
Basileus of the Seleucid Empire

A Roman copy of a Greek statue of Seleucus I found in Herculaneum. Now located at the Naples National Archaeological Museum.
Basileus of the Seleucid Empire
Тақта отыру жылдары306–281 BC
ІзашарыAlexander IV of Macedon
ІзбасарыAntiochus I Soter
ЖұбайыApama of Sogdiana
Stratonice of Syria
Issue
Apama
Laodice
Antiochus I Soter
Achaeus
Phila
DynastySeleucid dynasty
ӘкесіAntiochus
АнасыLaodice
Туған күніc. 358 BC
Macedon
Қайтыс болған күні281 BC
Thrace
ДініGreek polytheism

Дереккөздер

Ұ 46 Ұлы императорлар. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”.ISBN 978-9965-26-591-4