Абдулла ибн Әбд әл-Ғазиз әл-Сауд

Абдулла ибн Әбд әл-Ғазиз ибн Әбдірахман әл-Сауд (араб.: عبد الله بن عبد العزيز آل سعود‎; 1 тамыз 1924, Эр-Рияд23 қаңтар 2015, Эр-Рияд) — Сауд Арабия мәлігі. Сауд Арабиясының мәлігі Әбд әл-Ғазиздың сегізінші әйелі Фахдыдат туған баласы. 1982-2005 жылдары — мұрагер ханзадасы, премьер-министрдің бірінші орынбасары болды. Forbes журналының есептеуі бойынша монархтың 2013 жыл жалпы байлығы $18 млрд. долларды құраған. 23 қаңтар 2015 жылы кеуде инфекциясынан қайтыс болды. Эр-Рияд қаласындағы Әл-Ауд зиратына жерленді.

Абдулла ибн Әбд әл-Ғазиз әл-Сауд
араб.: عبد الله بن عبد العزيز آل سعود
Абдулла ибн Әбд әл-Ғазиз әл-Сауд
Лауазымы
Ту
Ту
Сауд Арабиясының 6-Мәлігі
1 тамыз 2005 жыла — 23 қаңтар 2015 жыла
ІзашарыФахд
ІзбасарыСалман
Өмірбаяны
Қызметісаясат
Дініислам, сүннет
Дүниеге келуі1 тамыз 1924 (1924-08-01)
Эр-Рияд, Неджд
Қайтыс болуы23 қаңтар 2015 (2015-01-23) (90 жас)
Эр-Рияд
ЖерлендіСауд Арабия
ДинастияӘл Сауд
ӘкесіӘбд әл-Ғазиз әл-Сауд
АнасыФахда бинт Аси аш-Шураим
Балалары"'ұлдары:"' Халид, Мутаиб, Абдул-Азиз, Фейсал, Сұлтан, Түрки, Мишаал, Фахд, Сауд және Мансұр
"'қызы:"' Фахри, Әлия, Адиля, Нуф, Сита, Сайфа, Абир, Сара және т.б.
Әскери қызметі
Әскер түріСауд Арабия Ұлттық ұланы
АтағыСАП барлық қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы
Шайқасы1979 жылғы 20 қарашада Меккедегі лаңкестік әрекет
Парсы шығанағы соғысы
Абдулла ибн Әбд әл-Ғазиз әл-Сауд Ортаққорда

Өмірбаяны

Ханзада

Абдулла ибн Абдул-Азиз 1924 жылы Эр-Рияд қаласында, Неджд патшаның отбасында дүниеге келген. 13 маусым 1982 жылы өзінің ағасы Фахд патша інісі Абдулланы Сауд Арабиясының тақ мұрагері және пример министірдің бірінші орынбасары етіп сайлады.

Таққа келуі

Абдулла ибн Абдул-Азиз 2005 жылы 1 тамызда ағасы Фахдтың өлімінен кейін таққа келді. 3 тамыз күні Эр-Риядтағы патша сарайында тақ мұрагеріне тәж кигізу рәсімі өтті. Абдулладан кеингі таққа мұрагер ханзада Султан 27 қазан 2011 жылы қайтыс болуына байланысты, келесі тақ мұрагері Сальман ханзада болып жарияланды. 2005 жылы Абдулла мемлекеттік бюджетен жас студенттерді батыстың университетеріне оқуға арнап арнайы шәкіртақы бөлді. Соның арқасында 70.000 студент әлемнің 25 мемлекетінде өз білімін жетілдірді. 6 қараша 2007 жылы Абдулла мемлекеттік іс - сапарымен Ватикан қаласына барады, онда Рим папасы Бенедикт XVI кездеседі. Абдулла патша Сауд Арабиясының монархтарының ішіндегі ең алғашқы Рим-католикті шіркеуіне кірген патша болды. 2008 жылдың ақпан айында американдық журналы Parade (қосымша The Washington Post) ең қатыгез қазіргі заманның диктаторлары тізімін жариялады. Патша Абдулла онда төртінші орынды иеленді.

Жеке өмірі

Абдулла 30 рет үйленім ажырасқан. Ислам дінің заңы бойынша үйінде 4 әйелімен тұрды. Оның әйелдері сириялық, полистиналық және марокалық болды. Абдулла көп балалы әке болды, 15 - ұлы және 20 қызы болды.

Оның кіші ұлы ханзада Бадр, 2003 жылы туылды ол кезде Абдулла 79 жаста болатын. Оның екінші ұлы Мутаиб ханзада Ұлттық гвардияның қолбасшысы. Келесі бір ұлы ханзада Мишааль, Мекке провинциясының гурбернаторы 2013 жылдан бастап. Бір ұлы ханзада Фейсал Қызыл Жарты Ай қорының бастығы.

Абдулла патшаның жас кезі

Өлімі

31 желтоқсан күні өзінің емдеу курсы жүріп жатқан Эр-Риядтағы госпитальға түседі, 23 қаңтар 2015 жылы 90 жасқа қараған шағында өкпе инфекциясынан көз жұмады.

Тувале қаласында Ғылыми-технологиялық университет Патша Абдалла ибн Абдул-Азиз Аль Сауд атымен аталады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Abdullah of Saudi Arabia